Эрозия жер бетімен ағатын судың әсерінен болатындықтан, барлық агротехникалық шаралар суды топырақтың терең қабаттарына сіңіруге бағытталу керек. Еріген қар суы, жаңбыр суы топыраққа тездеп сіңіп жатса, онда жер бетінен су ақпайды. Дөңес жерді жыртуды тек қана еңіске көлденең жүргізеді, жырту тереңдігі 25-27 см-ден кем болмауы керек.
Контурлап жырту. Мүмкіндік болса жырту жұмысын контур бойынша жүргізу қажет. Бұл үшін теодолит, не нивелир арқылы биіктігі бір деңгейде болатындай етіп қазықтар қағып, белгілеп шығады. Танапты жыртқан кезде алғашқы соқа сол қагылған қазықтар бойымен жүріп өтеді, яғни бұл контурды сызып өтті деген сөз. Қалған агрегаттардың да басы осы контурға параллель болуы тиіс. Бұл жұмыстың бір қиындығы — жыртылған жерге тұқым себіліп, ол өсіп шыққан соң әлгі жүргізілген контурлы сызықтан адасып қалуы мүмкін. Бұлай болмауы үшін контурлық сызықтың бойымен көлденеңі 3-4 метр етіп көп жылдық шөп егіп тастаған да орынды. Содан кейін де жырту жұмысы сол жолақтың бойымен жүргізіледі. Көп жылдық шөптерден жасалатын жолақтардың көлденеңі дәнсепкіштің бір жүріп өтетін алымындай болуы тиіс. Мұндай жолақтарды әдетте әр 100 метр сайын жүргізіп отырады.
Жолақтап жырту. Күзде кейбір себептермен дөңес жерде орналасқан танаптарды түгел жыртуға мүмкіндік болмаса, онда міндетті түрде егіске көлденең жолақтап жыртып тастау керек. Жолақтың көлденеңі трактор соқасының бір, не екі алымындай болуы тиіс, бір жолақ пен екінші жолақтың арасы мен ұзындығы жердің еңістігіне байланысты өзгеріп отырады. Жердің дөңестігі онша көп болмаса, еңістігі 2°-тан кем болса, жолақтардың арасы 10-15 метр болуы керек. Көктемде еріген қар суын жерге сіңіруге әдетте осының өзі жеткілікті болады. Қар суы жыртылған жердің бос топырағына тез сіңіп, эрозия болмайды.
Егер дөңес жердің еңістігі 2°-тан артық болса, оны тек терең етіп көлд енең жырту жеткіліксіз. Қар су ының жер бетімен ағуына жол бермеу үшін әр түрлі су ұстайтын микробедерлер жасау керек. Жерді әр түрлі жалдар, сатылар пайда болатындай етіп жыртқан жөн. Арнаулы құралмен су тоқтайтын әр түрлі шұңқырлар жасайды.
Жалдап көлденең жырту. Бұл жұмысты кәдімгі соқамен жүргізуге болады. Ол үшін төрт аударғышының біреуін 40-50 см етіп ұзартып қояды. Жырту кезінде бұл аударған топырақты алдыңғы аударылған жерге тастайды, содан биіктігі 12-16 см жал пайда болады. Оның үстіне топырақ түспей қалған жүйе арық тәрізді арна болып қалады. Қар суы осыларға тоңтап, топыраңтың терең қабаттарына сіңе береді. Шұңқырлар жасау күзде сүдігер көтерілген жерлерде жүргізіледі. Бұл үшін ДТ-75 тракторына тіркелген арнаулы шұңқыр жасайтын ЛОДЮ құралы қолданылады.
Сызат жасау — ең көп тараған пайдасы мол тәсіл. Мұнда бір жаңсы жері, жыра жасалғаннан кейін де әр түрлі даңылдарды күтуге арналған агротехникалың шараларды жүргізе беруге болады. Сызат ШП-3-70 маркалы құралмен 40-50 см тереңдікке арасы 1,4 метр, көлденеңі 3-5 см етіп жасалады. Сызат жасау кезінде жылда жыртылып жүрген қабаттың астындағы тығыздалып қалған топырақ қопсытылады. Сондықтан қар суы топыраңңа оңай сіңеді де, жер бетімен су аңпайды. Жердің еңістігі 10° болғанға дейін сызат жасау жұмысы жақсы нәтиже береді. Сызат жасау жұмысын тек ңана сүдігер көтерілген танаптарға ғана емес, сонымен қатар көп жылдық шөптер егілген жерлерге де, күздік бидай себілген танаптарға да, тіпті шабындықтар мен жайылымдарда да жүргізуге болады. Су эрозиясына қарсы жасалған әр түрлі шұңқырлар, жалдар көктемде тегістеледі. Жерді тегістеу үшін ДТ-75 тракторына тіркелетін КПС-4 қопсытқышы ЗБТС-1,0 ауыр тырмалармен бір агрегат ретінде қолданылады, жер тегістегіш НПН-5,6 А құралын, МН-6,0 мала тегістегішін де қолдануға болады.
Тыңайтқыштарды қолдану. Эрозия кезінде топырақтың құнарлылығы қатты кемитіндіктен, мұндай жерлерге органикалық және минералды тыңайтқыш берудің маңызы зор. Тыңайтқыштар топырақтың құнарлылығын қалпына келтіреді, эрозияға ұшыраған жерлерге егілген дақылдардың өнімі көтеріледі.
Топырақ қорғайтын ауыспалы егістер. Су эрозиясы бар жерге отамалы дақылдарды егуге болмайды. Себебі, отамалы дақылдардың бәрі дерлік топыраңтың ңопсып жатңанын қалайды. Суды көп керек етеді. Сондықтан, отамалы дақылдарды еңістігі 1-1,5 градустан аспайтын жерлерге орналастыру керек. Эрозияға бейім жерлерге дәнді-шөпті ауыспалы егісін қолданған дұрыс.
Орман — мелиорациялау шаралары. Эрозияға қарсы отырғызылатын орман алқаптары топырақтың бұзылмай сақталуына көп септігін тигізеді. Бұл орман алқаптары төмендегідей болып бөлінеді:
— су бөлінетін, қырда отырғызылатын орман алқабы қардың көп жиналуына әсерін тигізеді және жел екпінін бәсеңдетеді;
— су шайып сай, жыраға айналған жерлерге егілетін ағаштар танаптың шетіне дейін созылуы тиіс. Бұл ағаштар сол сайдың жыраланған жағасын бекітеді, жыраның үлкеймеуіне, эрозияның азаюына септігін тигізеді;
— су ағатын сайлардың, өзендердің жағасына отырғызылатын орман алқаптары сол арналардың бойындағы топырақтың эрозияға ұшырамауын қамтамасыз етеді;
— сайдың, жыраның табанына отырғызылатын орман алқабы оларды әрі қарай тереңдеп шайылудан сақтайды.
Топырақ эрозиясы болмау үшін дөңес жерлерге орман жолақтарын жасайды. Бұл жолақтардың арақашықтығы жердің еңістігіне қарай өзгеріп отырады. Егер еңістік 2-3° болса, бір жолақ пен екінші жолақтың арасы — 300-400 м болады, еңістік 3-4° болса- 250-300 м, еңістік 5°-тан коп болса — 150-200 м болуы тиіс. Орман алқабының көлденеңі 12-20 метр болғанда дөңес жерлерден аққан суды топырақ толық сіңіре алады.
Ирригациялық эрозияға қарсы кирес шаралары. Қазіргі кезде Қазақстанда суарылатын жерлердің көлемі 2 млн гектардан 0,81,0 млн гектарға дейін кеміді. Мұның 80%-дан астамы республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы облыстарында орналасқан. Бұл жердің ішінде егінжай ретінде пайдаланып жүрген дөңес боктерлер де аз емес. Дөңес жерде су ағысы қатты болғандықтан, суармалы жердің көбісі эрозиядан үлкен зардап шегуде. Ғалымдардың есебіне қарағанда, жер суару ережесі мен тәсілі бұзылып жүргізілсе, бір рет суарғанның өзінде ғана өр гектардан 40-50 тонна топырақ шайылып кетеді екен.
Ирригациялық эрозия топыраққа келтіретін зиянына қарай екіге бөлінеді:
а) суару эрозиясы, яғни жайдақ эрозия — дақылдарды суару кезіндегі болатын танаптағы топырақтың шайылуы;
б) жүйелер эрозиясы, яғни сызықтық эрозия — арықтар мен каналдардың судың әсерінен қазылып шайылуы.
Эрозияның бірінші түрі — суару эрозиясы кезінде топырақтың майда, жеңіл, құнарлы бөлігі танаптың биік жерінен сумен төменгі жеріне ағып барады да, танаптағы топырақтың құнарлылығының әр түрлі болуына әкеп соғады. Жыл өткен сайын танаптың биік бөлігінің құнарлылығы кеми түседі. Су эрозиясын болдырмау үшін төмендегідей шаралар қолданылады:
— суды ағызып суарудың орнына жаңбырлатқыш техникаларды қолдану керек;
— егіншілікте жаңа дискретті суару әдісін қолдану су эрозиясын болдырмауға септігін тигізеді;
— топырақты тек жер астынан суландыратын арнаулы түтіктер жүйесін қолдану өте жақсы нәтиже береді;
— су жүретін арық жүйелерінің ішін суға езілмейтін заттармен жабады, әр түрлі темірбетон құбырлар, науалар қолданылады;
— су жүретін жүйектердің ұзындығы, тереңдігі, оның ішімен жүретін су мөлшері топырақтың түріне байла-нысты, ол шайылмайтындай етіліп өзгеріп тұруы тиіс;
— эрозияға ұшыраған жерлерге көп жылдық шөптері басым егілетін ауыспалы егістер қолдану керек;
— эрозиядан қатты зардап шеккен танаптарға көп жылдық шөптер егіліп, бұл танаптар ауыспалы егіс жүйесінен шығарылып тасталуы тиіс;
— эрозияға ұшыраған жерлерге органикалық тыңайтқыштар қолдану жақсы нәтиже береді. Әр гектарға 40-45 тонна көң сіңірілсе, топырақтың физикалық қасиеттері едәуір жақсарады.
— жердің құнарлылығын көтеру үшін бұршақ тұқымдас дақылдарды жасыл тыңайтқыш (сидераттар) ретінде қолдану керек.
Осы шаралардың бастылары мыналар:
Топырақты аударып жыртпай, оның бетінде аңыз ңалдыру және басқа да өсімдік қалдықтарын сақтау. Жоғарыда аталған ғылыми-зерттеу мекемелерінің деректері бойынша, өңдегеннен кейін танапта барлық аңыз бен өсімдік қалдықтарының 70% -ы сақталса, жел эрозиясы болмайды екен. Ол үшін топырақты арнаулы құралдармен өңдеу керек. Оларға топырақты сыдыра қопсытатын, танап үстіндегі аңыздарға онша көп зақым келтірмейтін, жерді терең өңдеуге арналған КПГ-250, КПГ-2-150, таяз өңдеуге арналған КПІП-5, КПШ-9, сыдыра тілгіш қопсытқыштары, көктемде ылғалды жабуға арналған БИГ-3, БИГ-6 тырмалары, аңызға тұқым себетін СЗС-9, СЗС-2,1 А дәнсепкіштері жатады. Жел эрозиясы болып тұратын далалық аймақтағы танаптарда жерді сыдыра қопсытатын құралдармен сүдігер көтергенде соқамен аударып жыртқан жерлерге қарағанда қар қалың тоқтайды. Көктемде сыдыра қопсытылған сүдігерде топырақтағы ылғал мөлшері аударылып жыртылған сүдігерге қарағанда едәуір мол болады. Осының әсерінен әр гектардан жылына 1,5-3 ц өнім артық алынады. Аңызы сақталған танаптарда көбіне желтоқсан айының басында-ақ қалыңдығы 20-30 см қар тоқтайды, ал аударылып жыртылған танаптарда қар көбіне қыстың екінші жартысында ғана тоқтайды және қалың болмайды. Аңызы сақталған танаптарда қар ерте тоқтайтын себепті, жердің тоңы жұқарақ болады, көктемде қар суы топыраққа жақсы сіңеді.
Зерттеулер бойынша, орта есеппен 5 жыл ішінде жерді соқамен аударып жыртқанда танаптағы қардың қалыңдығы 17,4 см, ал жазық табан сыдыра тілгіш қопсытқышымен терең қопсытып өңдегенде — 33,7 см, яғни қар екі есе көп жиналған. Соның нәтижесінде, топырақтағы ылғал қоры 512 м3/га және 978 м/га, ал жаздың бидай өнімі 9,5 ц/га және 12,8ц/га болған.
Жел эрозиясы бар аймақтарда ерте таза сүрі жер қолданған дұрыс, яғни сүрі жерге қалдырған танаптарды өңдеуді көктемде бастау керек. Бұл өңдеулер сыдыра қопсытатын құралдармен жүргізілуі тиіс. Осылай еткенде жаз бойы жер бетінде аңыздар сақталады да, топырақ эрозиясы болмайды. Ғалымдар жүргізген көп жылдың зерттеулер жерді сыдыра қопсытқанда күз, қыс кезінде түсетін ылғалдың топыраққа толық сіңуіне мүмкіндік туатынын көрсетіп отыр. Танапта жатаған бидайық сияқты көп жылдық арамшөптер болса, сыдыра өңдейтін құралдарды қолданған сайын бұл арамшөптердің саны арта түседі. Сондықтан мұндай танаптарды сүрі жерге қалдырып, жаз бойы жерді 4-5 рет сыдыра қопсытқышпен өңдеп, арамшөптерді танаптан кетіру керек. Сүрі жерге қалдырылған танап жаз бойы бірнеше рет өңделетін болғандықтан, жаздың екінші жартысында жер бетіндегі аңыздың азаюы себепті жел эрозиясы болу қаупі туады. Сондықтан сүрі жерге қалдырылатын танапқа орақ кезінде астың сабанын жинамай, шашып кету керек, өйткені ол топырақты эрозиядан сақтауға септігін тигізеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі