2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жоғары оқу орындарындағы және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру мамандықтарының тізіміне докторантура дәжересінде (PhD) «Сот сараптамасы» мамандығы енгізілетін болады. Ал, магистратура деңгейі бойынша ол осыдан бір жыл бұрын енгізілген. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының директоры Исидор Борчашвили мен Сот медицинасы орталығы директорының орынбасары Руслан Сатыпалдиев Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанда заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытындағы сот-сараптама қызметіне байланысты өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Магистратура мен докторантура дәрежелері бойынша, жаңа кадрларды дайындау міндеті жүктелген ғылыми кадрлармен қамтамасыз ету және ұстаздық қызметтің сатылық деңгейі туралы айта келе Руслан Сатыпалдиев: «Қазіргі таңда 4 ғылым докторы жұмыс істеп жатыр. Екеуі Астанада, қалғандары Алматы мен Семейде. Ғылым кандидаты дәрежесі бар 26 маман бар. Сарапшы Астанадағы университеттердің бірінде Phd дәрежесі бойынша дайындалуда»,-деді.
Оның сөзінше, қазіргі таңда ҚР білім беру жүйесі кандидаттық диссертация қорғауға мүмкіндік бермей отыр.
«Біз Ресейдің сот медицинасы федералды орталығымен ынтымақтастық орнатып, мамандар даярлау жөнінде меморандумға қол қойдық. Бізде қазір бір сарапшы кандидаттық диссертацияның тақырыбын ойластыруда. Келесі жылы ол осы орталықтың базасында оны қорғайды»,-деді Сатыпалдиев.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі