Өлең, жыр, ақындар

Астана мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесін жергілікті билік екі жылда шешуге уәде берді

Астана қаласы білім басқармасы елорда мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты. Басқарманың деректеріне сәйкес қалада 130542 оқушы білім алып жүрген (өткен оқу жылы - 94 мектеп - 117097) 95 жалпы білім беру мектебі бар. Олардың ішінде: 126917  оқушысы бар (өткен жылы 83 мектеп -113376 адам) 84 мемлекеттік, 3625 (3721) оқушы білім алатын 11 мемлекеттік емес мектеп бар.

 «Жыл сайын демографиялық және көші-қон үрдістері есебінен жыл сайын оқушылар саны артуда. Егер 2014 жылы 88 мектепте 105 966 оқушы, 2015 жылы 94 мектепте - 117097 оқушы болса, бүгінде 95 мектепте 130 542 оқушы бар.  Салыстырсақ, 2015-2016 оқу жылы оқушы саны 13445 балаға артқан. 2016-2017 оқу жылы үш ауысымдық мектеп жоқ, бірақ 27 мектепте (№ 1, 5, 7, 8, 22, 24, 27, 31, 32, 35, 37, 40, 48, 51, 53, 54, 57, 58, 59, 60, 62, 64, 65, 66, 69, 72, 75) тығыздық бар», - деді басқармадан «ҚазАқпарат» тілшісіне.

Хабарламада атап өтілгендей, бұл мәселе мектептер мен құрылыстар салу жолымен шешіледі.    2017 жылы  № 16, 17, 22, 32, 37 мектептерде 2675 орындық 5 құрылыс енгізілді.   2018 жылы   6900 орындық 6 мектеп салу жоспарлануда, олардың ішінде: Абай даңғылы мен Бигелдинов көшесі қиылысы ауданында  №1, 35, 60, 62 мектептерде 1200 орынға; оңтүстік ауданы   №31 көшедегі,   Нұра-Есіл шығыс арнасында №59, 75 мектептерде 1200 орынға;  №41А және Жұмабаев көшелері жағында  № 51, 53, 72 мектептерінде 1200 орынға;   Қарталы және Оқжетпес көшелері қиылысы ауданында   1200 орынға тығыздық мәселесі шешіледі - 1960 ж. №20 мектеп бұзылады;  Оқжетпес және Бөкеев көшесі қиылысындағы ауданда №36, 58, 61 мектептерде 1200 орынға; Қорғалжын тас жолындағы ҚТЛж, КТЛб   мектептерінде (өз ғимараттары жоқ) - 1200 орын.

Басқармада тығыздыққа қарамастан әр мектепте орын барын атап өтеді. Басты жағдай - Астанада тіркеліп, тұратын жерін растайтын құжат болуы тиіс. Ведомство деректеріне сәйкес 2016 жылы Астанаға 4525 оқушы келді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар