Өлең, жыр, ақындар

Қарақұмық туралы мәлімет

Өсімдік құрылысы мен ерекшеліктері

Қарақұмық (Fogopurum) қарақұмық тұқымдасына (Polygonaceae) жатады да, екі түрге бөлінеді: кәдімгі қарақұмық және жабайы қарақұмық. Кәдімгі қарақұмық — маңызды жармалық дақыл. Бір жылдық өсімдік. Тамыры кіндікті, 1 м тереңдікке бойлайды. Әлсіз дамыған, негізгі тамырлары топырақтың 25-30 см қабатында орналасқан. Сабағының ортасы қуыс, қырлы, биіктігі 40-150 см, 10-12 бұтақ құрайды. Жапырағы үшбұрышты — жүрек тәріздес. Гүл шоғыры — қалқан тәріздес шашақ. Гүлдері — дұрыс бес типті. Жақсы дамыған, бір өсімдікте 500-1500 дана гүлдері болады. Қарақұмық гүлдеріне деморфизм құбылысы тән: кейбір өсімдіктерде гүлдері қысқа аналықтар және ұзын аталықтармен дамыса (ұзын бағаналы гүлдер), ал басқалары — ұзын аналығымен және қысқа аталығымен (қысқа бағаналары) ерекшелінеді. Тозаңданған гүлдердің жоғарғы пайызын лигитимді (бір типті) тозаңдану береді, ол кезде ұзын аталықтың тозаңы ұзын аналыққа түседі де, қысқа аталықтың тозаңы қысқа аналықты тозаңдандырады. Әр түрлі типтердің тозаңдануы (иллигитимді) тозаңданған гүлдердің төмен көрсеткішін береді.

Қарақұмық жемісі — үшқырлы жаңғақ. 1000 тұқымның салмағы 18-32 г, қауыздылығы 16-30%. Ұрығы екі тұқым жарнағынан тұрады да, тамырша мен тұқым жарнақтарын топырақ бетіне шығарады. Кәдімгі қарақұмық түртармағы түршелерге бөлінеді. Олардың ішіндегі маңыздылары екеу. 1. Алята — жемістері қанатты, қабырғаларында айқын көрінетін үшкір қанаттары бар. 2. Аптера — жемістері қанатсыз, қырларында қанаттары жоқ.

Қарақұмық түрлерінің айырым белгілері

Белгілері Мәдени қарақұмық Татар қарақұмығы немесе арамшөп
Сабағы Қырлы қызыл-жасыл түсті Тегіс, жасыл
Жапырағы Ұшқырлы-жүректі, найза тәріздес, антоциандағы әзер көрінеді. Дөңгелек, антоциандағы айқын көрінеді
Гүл шоғыры Қалқан тәріздес шашақ Бос шашақ
Гүлдері Ірі, ақшылт-қызғылт, қызыл Ұсақ, сары-жасыл
Жемісі Ірі, үшқырлы, тегіс Ұсақ, әлсіз үшқырлы, әжімді

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар