Өлең, жыр, ақындар

Мемлекет қаржысымен жарық көретін кітаптарға бақылау күшейеді

Алдағы уақытта облыстық қазына есебінен шығарылатын кітаптарға бақылау күшейтілмек. Бұл жайлы ОҚО облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысында айтылды. Халық қаржысына сапасыз дүниелер басылып жатыр, - деп, дабыл қаққан халық қалаулылары ендігі жерде мемлекет қаржысы жұмсалатын дүниелердің сапасын бақылау үшін арнайы комиссия құруды ұсынды. Сондай-ақ, осы отырыста облыс бюджетіне біршама өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар айтылды.

Бюджетке енген өзгерісті талқылауға жиналған депутаттар алдымен үнемделген қаржы есебінен түскен 10 млрд. теңгенің қайда жұмсалатынын сұрап-білді. Неігзгі жауапты облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы берді. Оның айтуынша, қазына қаражатының дені осы жылы жаңадан қосылған білім ұяларындағы қызметкерлерге жалақы есебінде үлестірілмек.

"Мақсаттары жетпеген айлықтарына коммуналдық шығындарына құрылысы аяқталатын нысандарға беріліп отыр. жалақы болғанда бізде қосымша класс комплект қосылып отыр 9 мыңдай. 27 мың балаға өскен соның бәріне айлықтарына толық отырмыз" - дейді облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Рахымберді Мүлкеманов.

Осыдан кейін халық қалаулылары ел қаржысына жарық көретін кітаптардың сапасын сөз етті. Бұл жайына келгенде көбінің көңіл күпті. Өйткені, осы уақытқа дейін қаншама қаржы жұмсалған кейбір оқулықтардың сапасы сын көтермейді. Сондықтан, «кітап шығаруды қадағалайтын арнайы комиссия құру керек» - деп, шешті.

"Ардагерлер кеңесі шығарған мына кітапті. Ішінің барлығы қате. Мынау уголовный дело. Бұны арнайы тексеру органына беру керек. Бізде бір үш жазушы бар. барлығына соларды тықпалаймыз. Мынау кітапты да солар шығарған" - дейді облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіш.

Тұрақты комиссияда көтерілген барлық ұсыныс бір ауыздан мақұлданып, бүгінгі сессия қарауына ұсынылды. Егер алтыншы шақырылымдағы мәслихаттың кезектен тыс жетінші мәжілісінде бұл мәселе оңды деп шешілсе, кітап сапасын сүзгіден өткізетін комиссия құрылады.

Дерек көзі: zhebe.com


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар