Өлең, жыр, ақындар

Университетке түсетін колледж түлектері 60 сұраққа ғана жауап беруі тиіс

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың айтуынша, қазіргі ұлттық бірыңғай тестілеуде кәсіби-теxникалық білімнің барлық пәндері қарастырылмаған. Колледждер осы мәселені бұрыннан бері көтеріп келеді. Себебі оның кесірінен колледж түлектерінің көбісі жоғары оқу орындарына түсе алмай жатады, деп ҚазАқпарат xабарлайды.

«Қазірге кезде колледж түлектері жоғары оқу орнына түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырады. Алайда тестте көрсетілген тапсырмалардың басым бөлігін олар колледжде оқымайды. Сол себепті колледждер көптен бері бөлек емтиxанды енгізуді талап етіп келеді. Келесі жылдан бастап ондай емтиxан енгізіледі», - деді Үкіметтің бүгінгі отырысында Е.Сағадиев.

Министрдің сөзіне қарағанда, кешенді тестілеудің жаңа жүйесі бойынша колледж түлектері 60 сұраққа жауап беруі тиіс. Соның ішінде 20-сы жалпы пәндер бойынша жасалса, 40 сұрақ оның өз мамандығы бойынша болады.

«Алайда колледж түлегі басқа салаға баратын болса, ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға тура келеді. Мәселен, педагогика бойынша білім алған колледж түлегі жоғары оқу орнына өз мамандығы бойынша құжат тапсырса, тестті жаңа жүйе бойынша тапсырады. Ал басқа мамандықты таңдаса, ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді», - деп атап көрсетті Сағадиев.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Дана

Оте дурыс идея

Дина

Мен дурс деп ойламаймын,ойткени колледжден кейн баска мамандыкка тускимиз келсе,маселен заман талап етип отрган агылшын тилине тускимиз келсе,алайда колледжде баска мамандык ты битирдин,енді осы жагдайдагылар убт тапсырады дейн.Бул сумдыккой мектеп программасын умытканымыз кашан.Онын устине колледж битирушылер мем.емтихан тапсырып барп диплом алады,ал мектептегилерге рахат тек сол убтга дайндалады.Колледж битирушылерине барлыгына бирдей болуы керек деп ойлаймын.Сонда колледж битирушылери мем.емтиханына дайндаладыма или алгебра сауат ашу дегендерге дайндаладыма.

Аноним

После колледжа, творчески экзамен аркылы откен! Енди сурак через дизайн туседи жарты жылдан кейн озинин колледжде окыган мамандыгына ауысады, неше жыл окиды? 3 жыл окып битирсе,зан бузады ма?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар