Өлең, жыр, ақындар

Отандық онлайн университет іске қосылады

«Кселл» компаниясы мен «WikiBilim» қоғамдық қоры «Қазақстанның ашық университеті» білім беру онлайн жобасын іске қосу жұмысын бастайды. Алматыда өткен еліміздегі онлайн білім беруді дамыту бағыттарына арналған дөңгелек үстелде осындай мәлімдеме жасалды, деп хабарлады jasqazaq.kz.

«WikiBilim» қоғамдық қоры президенті Нұрбек Мәтжанидің айтуынша, бүгінде интернет қолданушылары 5000-нан астам түрлі онлайн курсты пайдалана алады. Оқыту материалдары бар ең танымал алаңдар- Coursera, EdX, Udacity. Бірақ бұлардың көп бөлігі ағылшын тілінде.

 «Технологиялар арқасында білім беру ісі өзге де көптеген қызмет түрі сияқты дербестендіріліп келеді. Бүгінде курс оқушылар қашан, қай кезде оқу керектігін және өткен материалдарын неше рет қайталау керек екенін өзі таңдайды. Мұның бәрі диплом үшін емес, білім алу үшін оқитындарға, өмір бойы бір рет қана білім алуды көздейтіндерге емес, үнемі жетіліп, дамуға тырысатындарға қолайлы», дейді «WikiBilim» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Рауан Кенжеханұлы.

«Қазақстанның ашық университеті»- еліміздің жетекші жоғарғы оқу орындары оқытушыларының видео дәрістерін тегін тыңдауға мүмкіндік беретін онлайн алаң. Бірінші кезеңде телекоммуникациялар бойыншат 10 курсты іске қосу жоспарланып отыр. Сол сияқты порталда осы курсты дайындау барысында қолданылған оқулықтар ашық орналасады.  Сонымен қатар дәріс материалдарының 80% -дан астамы қазақ тілінде ұсынылады. Алдағы уақытта мамандандырылған курстардың саны артып отырады. Жобаны жасаушылар қолданушыларға осындай алаңдарға арналған ең озық қызметтер жиынтығын ұсынады.  

Бұл жоба әлемнің жетекші университеттері - Гарвард университеті мен Массачусетс технология институтының тандемімен жасалған Open EdX платформасы негізінде іске асырылады. Жиын барысында сөз алған физика-математика ғылымдарының докторы,  академик Асқар Жұмаділдаев, бұл бастаманы көтеріп отырған жастарға ризашылығын білдірді. Ол қазіргі қоғамның орнын осы ашық университет басатынын айтты. Бүкіл дүние жүзі қолдана бастаған ашық университеттің біздің елде де  маңызы ерекше екеніне тоқталды. Әр жыл сайын білім деңгейі өзгеріп отыратындықтан, заман талабына сай болуымызды да атап өтті.  Дөңгелек үстел барысында жаңа жобаның мүмкіндіктері мен оның жүзеге асырылуы талқыланды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Аделина

Жинақтық сан есімдерді қатыстырып өлең құрауаға көмектесиңиздерши

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар