Медицина саласындағы білім беру жүйесін жаңғырту аясында Қазақстандағы жоғарғы оқу орындары халықаралық тәжірибені зерттеп жатыр. Отандық мамандарды қызықтырған тәжірибенің бірі - жоғарғы оқу орындарына мектеп түлектерін емес, медициналық колледжі тәмәмдаған студенттерді қабылдау жүйесі, деп ҚазАқпарат хабарлайды.
«Кез келген саланың дамуы немесе құлдырауы кадрға байланысты. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, медициналық білім берудің жаңа моделін жүзеге асырғымыз келеді. Бұл модель студенттерді іріктеуге қатысты. Сондықтан, таңдау жасау керек, мектепте биология мен химия пәндерін тереңдетіп оқыған оқушыларды ма, әлде медициналық колледжерде оқыған «дайын» мамандарды қабылдаймыз ба?!» - деді бүгін «Жетекші шетелдік университеттер мен медициналық ЖОО арасындағы стратегиялық серіктестіктің бірінші кезеңін қорытындылау туралы» халықаралық конференция аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.
Жалпы, министр атап өткендей, медицина саласындағы білімді жетілдіру үшін отандық алты университет халықаралық алты университетпен стратегиялық байланыс орнатқан екен. Оның төртеуі - АҚШ университеті болса, екеуі - Еуропаның білім беру орындары екен.
Конференция барысында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті және Дюк университеті (АҚШ), Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті және К. Марцинков атындағы Познан медициналық университеті (Польша), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы және Гдан медициналық университеті (Польша), Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті және Лунд университеті (Швеция), Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті және Сент-Луис университеті (АҚШ), Астана медицина университеті және Ла Сапиенца университеттерінің (Италия) стратегиялық әріптестіктің 2016 жылға жұмысын қорытындылады. 2017-2018 жылдарға арналған ЖОО-ның стратегиялық серіктестіктерінің мақсаттарымен міндеттері, сонымен қатар Қазақстандағы медициналық білімді реформалаудың негізгі кезеңдері талқыланды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Түлек
Сонда мен биыл мектепті бітргеннен кейін МЕД. Колледжге барып оны 2 жыл оқып, сосын тағы бірнеше жыл МЕД универді оқимын ба?
Сонда сіздердің ойларыңызша қазіргі түлектер осынша жыл оқуға келіседі ме?
Түлек
Бұл қалай сонда. Быз ЖОО түсіу үшін 11сыныпқа қалдық. Санаға симайды гой?
Түлектер
Біз бұған келіспейміз 2 жыл босқа оқыдық па сонда?
Түлектер
Мұндай нәрсе ақылға сыймаиды.Қаншама мектеп түлектерінің арман-мақсаттары ЖОО түсу..соны қалай аяқ-астына таптайсыздар
жас түлек
біз сонда ойншықпызба ойларына келгенін жасайтын болашағымыз не болад
түлек
бұл мүлде дұрыс емес кой қалай сонда
Ляззат
Бізді ойыншық көресіздерма?Сонда біз 2 жыл бойы ҰБТға босқа дайындалып жүрмізба?Жоғарыда отырып алып оттамаңдар,
Адамның еңбегін еш қылу сіздердің мақсаттарыңыз ба?Билік тарапынан өрескел қате кетіп отыр,Жоғары биліктегілер осыны ескерсе!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Rakim
дұрыс емес бұл шешім жоғарыда откан ағалар сауатсыз карамайма
Кенжегали
терең үңілсек бұл шешімді мақұлдауғада болады . Себебі медицина саласының деңгейі өсері анық. Екінші жағынан жас түлектерге киын .