Өлең, жыр, ақындар

Тасмағамбетов: Техникалық мамандықтар бойынша қосымша білім беру қызметі мүлдем аз

Техникалық мамандықтар бойынша қосымша білім беру қызметі мүлдем аз. Бұл туралы бүгін  7-ші Азаматтық форумда сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов айтты.

«Қазіргі уақытта әлемде бірінші орынға қосымша қабілет пен дағдыларды қоятын түбегейлі трансформация жүруде. Бүгінде қуантарлық жайт, қосымша білім беру үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бір ғана Астанада 271 дамыту орталығы жұмыс жасайды. Алайда, робототехника, компьютерлік бағдарламалау және графика сияқты техникалық мамандықтар бойынша қосымша білім беру қызметі мүлдем аз болып отыр», - деді вице-премьер.

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанда, әсіресе өңірлерде ниет білдіргендер жаңа білім ала алатын өзіндік ашық оқыту және танымдық ресурстар жоқтығына тоқталды.

«Осы бағыттағы жобаларды әзірлеу өте тиімді болар еді деп санаймын», - деді вице-премьер.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар