Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырмаған түлектер бірінші мамандығын тегін оқып алады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Нәтижелі жұмыс және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын таныстыру барысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.
«Жаңа бағдарламаның бірінші негізгі бағыты жаппай оқытуды ұйымдастыру болып табылады. Оның аясында азаматтарға бірінші және екінші мамандықты ақысыз алуға мүмкіндік ұсынылады. 15-тен 24 жасқа дейінгі жастар үшін бірінші жұмысшы мамандығын техникалық және кәсіби оқыту базасында алуға мүмкіндік беріледі. Осы ретте 21 мыңға жуық ҰБТ тапсырмаған мектеп түлектері мен оқу орнына түспеген жастарды қамту жоспарланып отыр»,-деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, оқу мерзімі 2,5 жылға ескерілген. Оқытуға жұмсалатын шығыстарға білім беру үрдісі, шәкіртақы мен бір мезгілдік тамақтандыру еніп отыр. Сонымен қатар 25-тен 44 жасқа дейінгі азаматтар үшін екінші мамандықты алу мүмкіндігі бар. Олар үшін колледждер, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының оқыту орталықтары базасында дуальды білім берудің қысқа мерзімді курстары ұйымдастырылады.
«Дуальды білім беру жұмыс орнында жетекшісімен бірге жүргізіледі және оқытудың 40-50 пайызын құрайды. Жетекші ретінде тек өндірістің қызметкері ғана емес, сонымен қатар нақты кәсіппен айналысатын жеке кәсіпкер де бола алады. Олар оқытқаннан кейін, тәлім алған адам осы кәсіпкерге жұмысқа қалады немесе бұл кәсіппен бөлек айналысуға мүмкіндігі бар»,-деп нақтылады Т. Дүйсенова.
Мұнымен қоса, шалғайдағы ауылдық жерлердегі тұрғындар үшін жергілікті жерлерде оқытуға арналған мобильді кәсіби-техникалық оқу орындары ұйымдастырылмақ. Жыл сайын қысқа мерзімді курстармен 26-56 мың адамды қамту көзделіп отыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі