Мұғалімдерді мемлекеттік газет-журналға жазылуға мәжбүрлеуді доғару керек. Депутаттар Ақпарат министрінен ұстаздардың жалақысынан ай сайын түрлі басылымдарға деп ақша ұстап қалуды тоқтатуды сұрады.
Мұғалімдерді мемлекеттік газет-журналға жазылуға мәжбүрлеуді доғару керек. Депутаттар Ақпарат министрінен ұстаздардың жалақысынан ай сайын түрлі басылымдарға деп ақша ұстап қалуды тоқтатуды сұрады.
«Мемлекеттік қызметкерлерді, әсіресе, мұғалімдерді газет- журналдарға мәжбүрлеп жаздыру әлі жалғасып келеді. Отандық басылымдар осы жолмен күн көруді жалғастыра бере ме? Одан да газет-журналдар реформа жасап, сапасын арттырмай ма?», - дейді Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова.
Депутаттардың айтуынша, әлі күнге дейін ұстаздар, дәрігерлер мен әкімдік қызметкерлері басшыларының бұйрығымен мемлекеттік газет-журналдарға еріктен тыс жазылып жүр. Бұл әсіресе аймақтарда ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатқан үрдіс. Ал мемлекеттік басылымдардың шығынына деп онсыз да жылда қазынадан қыруар қаржы бөлінеді. Мұғалімдердің өздері оқымайтын газеттерді амалсыз алып жүргенінен министр де хабардар екен. Сондықтан Дәурен Абаев басылымдардан жұртты мәжбүрлеудің орнына сапалы әрі қызық материалдар жазып, оқырман тартуды талап етпек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Мұғалімнің бірі
Дұрыс болар еді мұнысы. Мәжбүрлеп жаздыруды тоқтату керек. Бәсекеге қабілетті болу үшін халыққа қызықта етіп өздерінің газетіне жаздыру үшін тартымды қылу керек..
Мұғалім қарапайым
Бізді уже 15мыңға мажбүрлеп жаздырып қойды
Қаламқас
Дұрыс, бұларғада жетіпті, сөйтіп шешілер бір күні. Бірақ кеш жеткені өкінішті, резананс тудыру керек! Барлық жерде айтылу, жазылу керек. Жыламаған балаға соска жоқ. Сонда жоғарыға жетер, түсінер, оянар.
Гулнар
Мажбирлеуди койса екен.Азгантай айлык жетпейди гой
Қағазстан
Қазақстан - Қағазстан
менде мұғалімнің бірімін. Түкте қажеті жоқ оқитын түгі жоқ бір газеттерге жаздырды мəжбүрлеп. Жазылмасаң жұмыстан шығарады бірдеме қылып. Бұл не сұмдық айтыңдаршы???
тəрбиеші
Дүрыс тоқтату керек жазып қойса не істейміз кімге айтамыз
lail
мемлекеттік газеттерге жазылу дурыс шгар мажбүрлеп жаздыру тоқтатылу керек сиякты
Ғалияш
Біздің мектепте науқан əлі жалғасуда. Жазылмасаңыз жұмыстан кетесіз,ол менің бұйрығым емес жоғары жақтың талабы деп,директор күнде кабинетіне шақырады.Сосын не істесін мұғалім,тіпті техничкаларда қызықсыз газетке жазылуға мəжбүр.Сізден тіпті сұрамайды да қай газетті оқисыз деп,өздері біледі сенің не оқуың керек екенін.Өз пəніме байланысты басылымға қайдан жазылайын.Қымбатшылық жан алқымнан алып тұр....