2017 жылдан бастап, жұмыскер мамандықтарында оқитын техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері шәкіртақымен, жол ақымен және бірреттік тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәлім етті.
Қазіргі уақытта Білім министрлігі тегін техникалық және кәсіптік білім берудің жаңа тетіктерін жасақтаған. 2021 жылға дейін Қазақстанда тегін білім жүйесімен 671,5 мың адамды қамту көзделген.
«Біз тегін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа тетіктерін жасақтадық. Егер бұрын мектеп бітірген түлек жұмысшы біліктілігіне немесе орта буынды мамандықтарға ақылы немесе мемлекеттік тапсырыс негізінде жеке-жеке түскен болса, жаңа модель бойынша, түлек орта буынды мамандыққа жұмысшы біліктілігі арқылы түседі де, еңбек нарығына кіреді», - дейді Асылова.
Оның үстіне, білім беру, медицина және өнер мамандықтары бойынша оқыту ішінара мемлекеттік тапсырыспен жүрсе, экономика және заңгер мамандықтарына оқыту ақылы болады.
«2017 жылы аталмыш модель бойынша, ең көбі 142 мың адам қабылданатыны жоспарланған. Олардың ішінде, 40 мың адам жұмысшы мамандықтары бойынша, 54 мың адам - 2 жұмысшы біліктілігін алып шығатын орта буынды мамандықтар, 32 мыңы - білім беру, медицина және өнер мамандықтары, 16 мыңы - экономикалық және заңгерлік мамандықтар. Біз жұмысшы мамандықтарына түсетін түлектердің санын екі есеге арттыруды мақсат етіп отырмыз. Келесі жылдан бастап, жұмыскер мамандықтарында оқитын техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттерін жергілікті бюджеттер есебінен шәкіртақымен, жол ақымен және бірреттік тегін тамақпен қамтамасыз ету көзделіп отыр», - дейді вице-министр.
Жаңа бағдарлама бойынша, әсіресе, білім алуға қаражаты жоқ, аз қамтылған отбасыдан шыққан жастарды көптеп тарту жоспарланған.
Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде елімізде жұмыссыздық деңгейін 4,8 пайызға дейін төмендету көзделеді. 2021 жылға қарай түлектердің 40 пайызға жуығы жұмысшы мамандықтарын игереді деген болжам бар.
Айта кетейік, 2017 жылдан бастап, колледждерде, техникалық және кәсіптік білім беру ордаларында жұмысшы мамандықтарына оқыту Қазақстанда тегін жүргізіледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі