Тәуелсіздіктің тарих оқулығы: Әлихан Бөкейханға құрмет
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Бас ғимаратының 302 дәрісхананасында ҚР БҒМ-мен бекітілген, жалпы білім беретін мектептердің 8 сыныбына арналған «Қазақстан тарихы» оқулығының 3-басылымының тұсаукесері өтті. «Атамұра» корпорациясы басып шығарған Оқулықтың тусауын кесер шарасын Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен «Атамұра» корпорациясы бірлесіп өткізді.
Аталмыш шара, ежелден келе жатқан байырғы қазақ жерінде мемлекеттіліктің мыңжылдық тарихын қайта жаңғыртуға 25 жыл толуына, Алаш қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейханның туғанының 150 жылдығына, Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Тәуелсіз Қазақстанның төл Оқулығының мазмұны XVIII ғасырдың басынан бірінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі жаңа замандағы (авт. - патшалық) оқиғаларды қамтиды. Оқулық «Жаңа Қазақстандық патриотизмді» қалыптастыру және қоғамдық сананы отарсыздандыруға бағытталған. Автор, бұрын ғылыми айналысқа енгізілмеген отандық және шетелдік мұрағат құжаттарын пайдаланады. Атадан-балаға мұра болып келген дәстүрлі билер соты жайлы оқырман қауымға таныстырады.
Ұлтымыздың ел мен жерін қорғаудағы тарихи салт-дәстүрлері мен тарихи танымы көрініс тапқан оқулықта тарихи құндылықтар, ерлік пен елдікке толы отаншылыдық күрес тарихы үйлесімді орын алған. Әсіресе, оқушылардың таным өресі мен жас ерекшелігіне сай тәрбиелік жағы көрнектендірілген. Қазақы сана мен сапа, өмір сүрудегі мән мен мағына, тәлім мен тәрбиенің тарихи иниституты және оның жемістері дәлелді көрсетілген.
"Кеңес өкіметі тұсында қалыптасқан тарихи ойлау жүйесін түбірінен өзгертіп, тәуелсіз санада, бдан бұрын жазылмай келе жатқан ақтаңдақтардың орынын толтыруға күш салдық. Біздің тарихымызда ақтаңдақ тұстары көп еді. Бұл ретте Ұлы Даланың тарихи тұлғалары: Абылай хан, Кенесары Қасымұлы, Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Григорий Потанин, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, Тарас Шевченко, Қажымұқан Мұңайтпасұлы және биыл бүкіл халық болып ЮНЕСКО деңгейінде 150-жылдығы аталып өткелі отырған Алаш қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейханға жеке-жеке параграф арнадық" дейді оқулықтың ерекшелігі жайлы айтқан құрастырушы.
Аты аңызға айналған тұлға жайлы келтірілген мәтіннен үзінді келтірейік:
«Әлихан Бөкейхан миллиондаған халықты «Алаш» қозғалысы идеясы төңірегіне топтастырды. Ол қазақтың зиялы азаматтарын өз Отаны мен халқына адал қызмет етуге шақырды. Өзінің «өмірімнің соңына дейін қазақ халқына қызмет етемін»,- деген ұстанымына адал болып өтті».
Айтпақшы, оқулықтың сыртқы мұқабасында үш ғасырдың үш символы: Абылай хан, Кенесары хан, Алаш қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейхан бейнеленген.
Мектеп мұғалімдері мен сарапшылардың оң бағасын алып отырған мыңдаған тиражбен төрт тілде жарық көрген оқулық үш рет қайта басылып шығарылды (2008, 2012, 2016).
Оқулық авторы Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы – Омбы мемлекеттік университеті, тарих факультетінің түлегі. «Қазақстанның жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» (2007), «ЕҰУ үздік деканы» (2010), 450-ге жуық мақала, оқулықтар мен монографиялар авторы, Еуроодақ елдерін есептегенде 30 ға жуық ғылыми жобаларға қатысушы және жетекшісі (2011-2016). Алғаш рет әлем бойынша өткен «Жігіт сұлтаны» конкурсына қатысушы (Алматы қ., 1992 жылдың мамыр айы) және Омбы қаласындағы қазақ студенттер қозғалысының жетекшісі (1986-1994). Көптеген жылдар бойы кафедра меңгерушісі, декан, Еуразия университетінің проректоры және кеңесші қызметтерін атқарған.
Біз, автор мен Оқулықты құрастыруда атсалысқан ғалымдарға көп рахмет айтамыз, Тәулсіздік ұрпақтарының таңдайына татыр оқулыққа ақ жол тілейміз!
Дереккөз: BAQ.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі