Өлең, жыр, ақындар

Қазақ мұғалімі өзін еш құқығы жоқ тыпырлаған жәндікке теңеді

Ағылшын тілі мұғалімі Қазақстан мектептерін тозаққа теңеді.

Мектептегі боямасыз өмірді суреттеп, ағынан жарылған мұғалімнің үшбухаты Pandaland журналында жарық көрді.

«Интернетте жарық көрген немесе моральдық ақы талап етіп, тікелей өзіме шығатын ата-аналардың қоқан-лоқысы көңілімді қатты бұзады.

Бірақ оларға айтарым, сыпырып алатындай біздің түгіміз жоқ. Қазақстандағы мұғалімнің әл-ауқаты қайыршылық деңгеймен пара-пар.

Оған жүйкенің тозуын қосып қойыңыз. Көбісі бұл сөзім үшін мені жек көріп, бұл мамандықты ҚАЙЫРЫМДЫ деп, пір тұтар. Бірақ қайырым мен алға қойған мақсатыңызды сабақ берген бірінші жылдан кейін ұмыта бастайсыз.

Оның пікірінше, ұстаз жақсы ақша тауып, көбірек бос уақыты болуы керек.

Ал қазіргі жағдайда жас мұғалімге отбасын құрып, өз балаларын тәрбиелеуді жоспарлаудың еш мүмкіндігі жоқ.

«Менің жасым — 30-да. Жалпы білім беретін мектепте ағылшын тілінен сабақ беремін.

Менің жеке өміріме уақыт жоқ, басы артық ақшам да жоқ, бастысы өзім айналысып жүрген істен қандай да бір ләззат алмаймын. Қазақстандағы мұғалім — бетімен кеткен оқушыларға, топас директорға және білім жүйесіндегі хаосқа қарсы тұру үшін дамылсыз тыпырлайтын ешқандай құқығы жоқ тіршілік иесі.

Енді сөзімді дәйектей түсу үшін әңгімені балалардан бастайын. Мен алғаш рет мектеп табалдырығын ұстаз болып аттай салысымен, «London is the capital of Great Britain» дегеннен басқа ештеңені үйретпеген балаларды шет тілін меңгеруге басқаша құштар етуге кірістім. Оқушылардың ағылшынша жақсы көретін өлеңдерін аударуға, берілген жаттығуларды тез орындауға барымды салдым. Өйткені қалған 15 минутта олар танымал сериалдарды субтитр арқылы көруі керек болатын. Көп ұзамай бұл тәсіл өз нәтижесін берді. Оқушылар өзімен ағылшын тілінде сөйлесуді сұрай бастады. Мен олардың көздерінен от көрдім.

Оқушылар енді менен «шіріткіштің» (балалардың жаргон сөзі) орнына шет тілін қызықты өткізудің тәсілдерін көбейтсеңіз деп сұрай бастады. Шіріткіш деп олар отандық авторлардың оқулықтарын айтқан еді. Шындығында, ол кітапттар мектепке дейінгі білім беру үшін жасалған секілді. Әрине, ондағы амалдар әбден ескірген.

Мен жоғары сыныпқа сабақ бердім. Әрине, балалар әртүрлі болады. Әсіресе олардың алып-ұшпа жасөспірім кезеңде екенін ұмытпаған жөн. Мен бәріне әрдайым түсіністікпен қарауға тырысатын адаммын. Бірақ жүйке тоздыратын кез де келіп жетті, онсыз бола ма? Соның біреуін мысалға келтіре кетейін.

Үнемі сабаққа кешігіп келетін, сабақ оқымайтын, ал сабақ үстінде телефонынан бас алмай, хабарлама алмасып отыратын 9-сыныпта оқитын бір қызға 3 қойғанда нағыз шайқас басталды. Оның ата-анасы мектепке келіп, үлкен айқай-шу шығарды, сотқа беремін, тағы басқа қоқан-лоқыларымен мені үркітіп-қорқыта бастады.

Ал директор не істеді дейсіз ғой? Мені шақырып, әлгі қызға 4 қойып құтылайық дейді. Әкесінің қолы ұзын екен деген әңгіме де айтылды. Расында, баласына баға сатып алатын «үлкен» адамдарға қарсы тұруға біздің шама қайда? Әрине, көзді жұмуға тура келді. Есесіне, әбден еркінсіген қыз менің сабағыма мүлде қатыспауды жөн деп тапқан. Құдайға шүкір, басқа балалардың тәрбиесінде мәселе жоқ, олар да бұл жайтқа түсіністікпен қарады.

Енді жұмыс кестесіне келсек. 24/7 — бұл біздің девиз.

Олимпиадалар, сенбілік, мәдени шара, бітпейтін қағаздарды толтыру, ата-анаға хабарласу, жиналыс өткізу! БҰЛ — АҚЫСЫ ТӨЛЕНБЕЙТІН МҰҒАЛІМНІҢ ҚОСЫМША ЖҰМЫСТАРЫ.

Өткізген сағатына қарай ақша төлейді, бір сыныпты жетекшілікке алсаң, оған бонус қосады. Бонус деген әрине құлақа жағымды естіледі, ал ақысын көрсеңіз, күлкіңіз келеді, 5 мың теңге ме сондай.

Комиссия — бұл өз алдына бір бөлек мәселе. Сыйлыққа ақшаны үн-түнсіз жинаймыз, ондағы ойымыз — жөнсіз келіп киліге бермесе екен деген.

Біздің мектепке тағатын кінә да жоқ. Кешіріңіз, егер жабдық берілмесе, күрделі жөндеуге ақша бөлінбесе, еден жуушыларға 50 мың теңге төленсе, енді не деп тиісесіз? Ал біз болса, сыйлық жасаймыз оларға. Ақшасы көптерге…

Мектепте «мәртебелі» жалғыз каста бар. Ол — осы жұмыстан қандай да бір ләззат алатын зейнет жасына жақындап қалған мықты мұғалімдер. Алдағы зейнеткерлігі, осыған дейін жинаған беделі және еңбек өтілі ол адамдарға қосымша ақыға баланы оқытуға мүмкіндік береді. Міне, бонус деген осы.

Ал жастарға жұмыс сатысымен көтерілу деген жоқ. Мен осы жылы жұмыстан өз еркіммен кеттім. Ол тозаққа қайтып барғым келмейді. Әрине, балалар іздеп, мазалап жатыр… Сағынамыз дейді, мен де оларды сағынамын. Қайтемін енді, үйренісіп қалған оқушылармен тоқ болмайсың.

Сондықтан құрметті ата-аналар, біз туралы жаман жазбас бұрын біздің орнымызда өздеріңізді бір рет қойып көріңіздерші. Бұл арада бір сағатқа шыдап бере алмас едіңіздер. Ал ай соңында қолыңызға тиын-тебен тигенде көзіңізге жас үйірлетініне кепіл бере аламын. Сөкпеңіздер. Одан да балаларыңызды байқұс ұстаздың еңбегіне жанашырлықпен қарауды үйретіңіздер!» делінген хатта.

Дереккөз: 365info.kz


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (20)

Айгул

Қайырлы таң! Автормен толық қосыламын. Мұғалім қазір шынында кім көрінген басып кете алатын жәндікке айналғаны шын. Бірақ бізде еден жуушылар 29000 ғана алады. Олар да тазалыққа байланысты комиссияға ақша жинап,газетке де күштеп жазылады. Менің өтілім -15 жыл.Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беремін. Өз мамандығын сүйетін ,тіліміздің бір жанашыр мұгалімі едім,бірақ жұмыстан шығу туралы ойланып жүргенімді жасырмаймын.

Пенде

Ащы шындық осы

Бақыт

Бір анығы қазіргі кезде мұғалімдер түнде де, демалыс күні де үйінде жұмыс істейді. Себебі уақыт жетпейді. Қазір қағазға көміліп қалғанымыз рас

арман

Ащы шындық букпесіз айтылған. Қазакстандағы мектеп мұғалімдері бейшараның кунін кешуде,бірақ мұны тыңдайтын құлақ,көретін көз болса. Мұғалім кунделікті тек уш сабағын беріп басқа еш нәрсеге алаңдамауы керек.Кағаз бастылықты құрту керек. Оны тек сол жұмыспен айналысатын мектеп орынбасралары орындауы тиіс. Қазыр олардын да жұмысын мұгалімдер орындайды. Бұл - шындық.

нуреке

Иа, қосыламын менің мамам мұғалім Жакында Аттестация болады соган өліп тіріліп дайындалып жатыр бір бөлме де қағаздар шашылып таңның атысында жұмысқа шығып кешкі 7де келеді жұмысы қиын қағаздар жазу көп

Айнаш

Қайырлы күн! Жұмысын жандандыра бастаған, жалындаған жастарды қолдап, оларға араша бола білмеген басшыларға қайранмын! Автор ащы шындықты айтқан. Жақсы баға керек болса, жақсы оқу керек екенін түсіндіретін ата-ана жоқтың қасы болды ғой!

Ата-ана

Мұншалықты қыйын екенін білмеппін. Ұстаздарды қадірлейік, абыройын көтерейік!!!!!

Мұғалім

Қағазбастылықтан электронды журнал мен күнделік арқылы құтқарады құрметті əріптестер. Енді қағазға емес экранға я болмаса интернет пен компьютерді жетік білетін адамдарға телміреміз.

Ардақ

Барлығы дұрыс жазылған

Айжан

Менде толык келисемин казир директорга завучтаррга карсы шыгып соз айтып журмин акшаныда жинамай билмеймин бул куресу кашангы жалгасатынын. Жолдасым балай дейди укиметтин жумысын тастап жеке касипкер болайык дейди. Сол дурыспа деп журмин.......

Мугалим

Жылагым келип кетти. Мектепке баргым келмейди.бир айда уш тексерис келди. Тортиншисин асыга кутип отырмыз.

Мұғалім

Қазір мектепте берекет жоқ. Бірі келіп бірі кетіп жатқан мұғалімдер, бір жыл ,екі жыл, үш ай сайын ауысып жатқан директорлар. Жалпы білім саласында солай. Аяғына дейін жетпейтін реформалар, Бірінен соң бірі ауысып жатқан министрлер, тіпті, фамилиясын жаттап үлгіре алмайсың. Бұрын бір жерде тұрақты қызмет еткен адам қадірлі болушы еді, қазір ондай адамды "өспей қалған адам" дейді екен. Мұғалімнің беделі бұрын да онша болмаушы еді, қазір тіпті, түсіп кетті. Бұрынғы ата-ананың білімі төмен болған шығар, бірақ "Мұғалімін тыңдамаған баладан қайбір жақсы адам шығушы еді, ескертуің дұрыс қой"деп сені қолдайтын. Қазіргі ата-ана арыстандай арқырап кіреді мектепке. Сені түтіп жеп қоюға бар. Бұрынғы тексеріс әуелі жаныңа отырып, халіңді біліп, өзінің келу мақсатын айтып,, кемшілігіңді түзеуге, білмегеніңді үйретуге келетін. Қазіргі тексеріс сенің сыртыңнан қағазыңды қарап жүре береді. Жаза берсең, жетеді. Мұғалімді қорлап бітті. Жас қыздың жазып отырғаны таза шындық. "Мұғалімді қорғайтын заң" шығару керек!

Лəззат

Бұл ащы шындық!

Жангул

Алып қосары жоқ таза шындық жазылыпты. Енді бұған құлақ асатын адам табылса ғой шіркін!!!

lail

салеметсиздер куні куні кеше мектеп жұмыстарынан түңіліп жұмыстан шығып кетсем бе екен деген оймен бүгін тортінші кун болды ,ал ,бүгін мына автордын мақаласын оқып мүлде түңіліп ойымды тағыда шыңдай түстім.Брақ неге біз жеп отқан нанымыздан осындай адамдар үшін айырлуымыз керек ????.....................................

бұл өмірмен күреспе .................

мұғалім

сөздеріңіз бəрі шындық!Күні кеше менде де дəл сондай жағдай болды.Екі ата-ана екі жақтан айғайлағанда аузымды ашып ақталуғ мұршам келмеді.Бұл недеген сұмдық!жарайды істей бер жұмысыңды ештеңе жазбай-ақ қояйын деп күліп кетті.Қалайша түстік осындай жағдайға,директорымыз да жақ ашпады ғой!жүрегім ауырды,жылап тұрмастан үйде 2күн жаттым!Баламда бəрі қараусыз қалды!

Назипа

Қазіргі кезде ата- аналар балаларының сабағы қалай деп сұрамайды мұғалім бүгін саған не деп ұрысты дейді Ал бұрынғы заманда біздің ата- анамыз екі алсақ жазалайтын құлағымызды бұрап шыбықпен ұратын мұғалімдердің жұмысы өте қиын

жанакул

Айткаемен озгермейди. Карсы келен .басшыга . Баска жумыс тауып ал дейди. Кандай жумыс табасын. Аоатынын 60 мын. Сган шукиршилик етесин. Онын аеау мынауга жинайиыны бар

Балжан

Еее жылымак тугили окирип жатсанда карамайды. Биз уйге апай агай бутти уйтти деп келсек,озимизге жабысатын озиннен бале коп деп. Аузымыз жабылатын. Дипломды алган сон жумыска турдым. Биринши жыл 4 сагатпен журдим. Айлык 10 мын болды. Екинши жыл аягым ауыр болатын желтоқсанга дейін жумыс жасадым. Мектепте 3 биолог болатынбыз. Маган сагатты коптеу берудин орнына 14сагат пен 2 мугалимди окуга жиберип солардын орнында журдим. Азаннан кешке дейин. Билксиздер биреудин орнына сабак берсен жартысы гана тусетинин. Денем исинип кететин. Колдаудын орнына куып коймашы талтандап калыпсын гой деп мыскылдайтын. Жумыстан сон уйде және жумыс қағаздар. 3 жыл балам 5айында жумыска шыктым амалсыздан кургыр акша ушин. Кунделикти барып. Келгениме 1000 тенге кетип калады. Кейде акшаны унемдеймин деп тамак жемейсин. Ен соракысы 14сагат берди. Онын 6сагатты косымша сабак(факультатив). Жумыска шыга сала сынып жетекши боласын деди.6 сыныпты алдым. Жанадан келген кеткен окушылар өте көп болды. Сонын бири абысындылардын балдары озара жанжалдасып бет кориспейтин. Оку басталгалы киши келинни кыз акеп маған аманаттады. Улкен абысынын улы бурыннан оқитын. Бир бирине өте кас. Мугалимдер мерекеси болган куни улкен абысынын улы маган торт әкеледі. Бирак мен ол куни бармаганмын сабагым жоктыгына байланысты. Оны естиген киги абысыны апай пара алады деп ойлайды. Арада 4 ай отеди киги абысыны колы босамай маған кызын табыстаған куннен кейин бирде болсын келмейди. Бир куни мен сабакокымаганы ушин китаптары жок болган ушин сабактан сон алып калдым. Сонда сорым кайнады. Директор шакырып жер жебиме жетті. Онын касында апайлар тагысын тағы. Киши абысыны келип менин кызымды неге алып калады апайы акша сыйлык алады парахор деп. Айтпаган заты жок. Менде кемшилигин айттым себебин тусиндирдим мен тындап тындагысы келип турган ешким жок керисинге бари ата анадан кеширим сура деп бари жабылып кетти. Жылып отырмын ана жерде козин тусип калсын козин аккыр деп мени каргады. Озим кв туратынмын арзанырак болсын деп шеттен катынайтынмын мектеп пен уй арасы 2 сагат. Мен тусинем бир озин гана сабактан сон алып калсам. Онымен коса 3-4 баладан болек 12 окушы болган. Окытсанда болмайды. Сонымен сыныпты тартып алды,маган аузынды ашпайсын деп талап койган. Ашсан оз обалын озине деп. Еее мектепте тагысын тагы айта берсен ангиме узак. Аллага шукир 2 рет ана атаны демалыска шыгып кеттим.

Дуйсенбеков култас

Менин енбек отилим37 жыл абден шаршадым кенес кезинде 25 жылдан.сон зейнекерликке шыгарса еки колымды котерип шыгар едим жогарыдагы ариптестерим айтылган сындарды толыгымен колдаймын

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар