Өлең, жыр, ақындар

Жемқорлыққа қарсы омбудсмен білім министріне үндеу жолдамақшы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық омбудсмен Сырым Әбдіраxманов мектеп оқулықтарының мазмұнына қанағаттанбайды.

«Енді, білім жағынан бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Оған дау жоқ. Жетістіктер де жоқ емес. Дегенмен, Білім және ғылым министрлігінің мектеп оқулықтарын даярлау жұмысы менің көңілімнен шықпайды. Сондықтан менің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық омбудсмен ретінде министрге үндеу жолдау жөнінде жоспарым бар», - дейді Әбдіраxманов.

Омбудсменнің айтуынша, бүгінде мектеп жасындағы балалардың тәрбиесіне қатысты идеология дұрыс жүргізілмейді. Ал оқулықтардың мазмұны күрделі болғаны сонша баламен үш-төрт сағат отыруға тура келеді. «Соған менің көңілім толмайды. Осыған байланысты біз министрлікпен бірігіп, жұмыс жасауымыз қажет. Зерттеу институттарының басын қосып, бір комиссия құрсақ та болады. Сөйтіп, 1-сыныптан бастап 5-сыныпқа дейінгі оқулықтардың барлығына зерттеу жүргізуіміз керек. Бұл - менің жеке азамат ретіндегі емес, қоғамдық омбудсмен ретіндегі ұстанымым. Менің өзімде екі бала бар. Жолдасым шаршағанда мені көмекке шақырады. Сонда бәрін түсіндіргенше үш-төрт сағат отырамыз. Бала түсінбейді. Ол кемістігінен емес, оқулықтардың ауырлығынан, күрделі болғанынан түсінбей жатады. Ондағы тапсырмалар баланың жасына сәйкес келмейді. Екі баласы бар біздер қиналсақ, көпбалалы отбасылар не істейді?», - деп атап көрсетті Әбдіраxманов.

Айта кетейік, Қазақстанда қоғамдық дауыс беру арқылы төрт қоғамдық омбудсмен сайланған болатын. Олар - балалар құқықтарын қорғау жөніндегі жемқорлыққа қарсы қоғамдық омбудсмен Жанна Аxметова, бизнес пен қаржы-экономикалық саланы қорғау жөніндегі қоғамдық уәкіл Денис Кривошеев, сыбайлас жемқорлық саласындағы заңнаманы сақтау жөніндегі қоғамдық омбудсмен Сырым Әбдіраxманов және құқық қорғау мен бюджет саласы қызметкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Дина Елгезек.

Дереккөз: ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Жанна

Алты жасар балаға бірнәрсе түсіндіре алмай жатсаңыз, демек ол нәрсені өзіңіз де түсінбегенсіз. (с) Альберт Эйнштейн

Рахмеджанова Гулноза

Мен Рахмеджанова Гулназа ОҚО, Төлеби ауданы, Ханарық жалпы орта мектебі мұғалімімін.Мектеп директоры маған тиісіп күн бермей қойды.Қайға барып арыздансамда ешкім құры сөзге сенбеді.2016-2017 оқу жылында маған алты сағат сабақ берді.Мен 11000(он бір мың) айлыққа қалай күн көремін, сабақ беріңіз десем сен осыған лайықсын, әкеңде кегім бар сол үшін сен жауап бересін деді.Мектепте заңсыз ақша жиналады.Сол ақша жинау уақтысында мен оларды бейнеге түсіріп тиісті органдарға бердім.Бірақ ешқандай өзгеріс жоқ.Мектепте тек дитектор мен завучтың туыстары істейді.Олар көпшілік болып маған қысым көрсетуде. ҚР Президенті айтқанғой жемқорлықтың алдын алу әр бір азаматтың борышы деп.Мен өз борышымды атқардым.Маған тиісті органдар жәрдем беруін сұранамын.Маған қысым көрсетілуде.
Рахмеджанова Гулназа тел:87474742466

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар