«Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ басқарма төрағасы Ақылбек Күрішбаев Мемлекет басшының биылғы Жолдауы аясында оқытушылардың жалақысын көтеруді көздейді.
«Қазіргі кезде Елбасының Жолдауын іске асырудың жоспары даярланып жатыр. Біз оған үн қосуымыз қажет. Күні кеше білім және ғылым министрлігіне, сондай-ақ ауыл шаруашылығы министрлігіне хат дайындадық. Сонда Мемлекет басшысының әрбір тапсырмасы бойынша өз ұсынысымызды жаздық», - деді Күрішбаев бүгінгі жиын барысында.
Оның айтуынша, хатта көрсетілген ұсыныстардың бірі - Қазақ агротехникалық университеттің базасында ғылыми-зерттеу университетін құру. Сондай-ақ техникалық базаны күшейту мәселесі қарастырылған. «Үшінші мәселе - оқытушылардың жалақысы. Шетелде оқытушылардың жалақысы жоғары. Демек, адамның еңбегі лайықты бағаланады. Әрине, бәрі ел бюджетіне байланысты. Біз мемлекеттік гранттардың көлемін ұлттық университеттердің деңгейіне дейін көтеруді ұсынып отырмыз. Шетелдің қай жеріне барсаң да, барлық жоғары оқу орындарына тең қарайды. Сөйтіп, бәсекелестік қыза түседі. Ал бізде ондай бәсекелестік жоқ. Себебі ұлттық университеттерге берілетін гранттардың сомасы 646 мың теңгеге дейін жетсе, бізде 346 мың теңгені құрайды. Соның салдарынан жалақының көлемі де төмен болады. Олай болған дұрыс емес. Біз гранттардың сомасын теңестіруді ұсынып отырмыз», - дейді Ақылбек Қажығұлұлы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі