Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен қалада балабақшалардың қызметін толық тексеру мақсатында арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
2017 жылғы 31 қаңтар күні кешке әлеуметтік желілерді пайдаланушы Жанна Шапенова астаналық білім беру қызметкерлеріне өзінің бұйымтайын білдірген. Онда №77 «Қошақан» мемлекеттік балабақшасының суреттері жүктелген.
«Қазіргі кезде барлық ескертулер жойылды. Бүгін 2 ақпан күні аталмыш балабақшада комиссия жұмысының нәтижелері бойынша жалпы ата-аналар жиналысы өтеді. Балабақшаның қызметкерлері үшін бөлек жиналыс ұйымдастырылады», - деп атап өтті Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.
Айта кетейік, 2016 жылдың қазан айынан бері Астанада сенім телефондары қызмет етеді.
Егер сіз немесе сіздің балаларыңыз Астана қаласының білім беру ұйымдарында әкімшіліктің немесе оқушылардың тарапынан заңға қайшы әрекеттерге (мектептің қажеттілігіне ақша жинау, балаға мектептегі қатарластарының күш көрсетуі, мектеп аумағында темекі өнімдерін және т.б. сату) тап болсаңыз, мұндай жағдайларды назарсыз қалдырмауды сұраймыз.
Шағымдардың кез келген фактілері (балабақша, мектеп, колледж) бойынша Астана қаласы білім басқармасының «жедел желі» телефондарына хабарласыңыз: 55-01-62, 8-778-255-01-62.
Жұмыс уақыты - с 9:00 до 19:00, түскі үзіліс 13:00-14:30.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі