Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңірдегі барлық балабақшаларға мемлекеттік тілдегі тәрбиені енгізуді ұсынды.
Мұндай идеяны аймақ басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша өткен кеңесте білдірді. Болат Бақауов өзінің орынбасары Мейрам Бегентаевқа және білім басқармасының басшысына бұл басташа үшін мүмкіндіктерді зерделеуді тапсырды.
«Балалар балабақшадан кейін мектепке барған кезде, қазақ тілді мектепке не орыс тілдіге баратынын өзі шешсін. Есесіне, балабақшадан кейін оларда мемлекеттік тілдің іргетасы болады. Орыс және ағылшын тілдерінде пәндер мектептерде үйретіледі», - деп атап өтті ол.
Әкімнің сөзінше, 2019 жылдан бастап 10 және 11-сынып оқушылары кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқитын болады.
Бақауов сондай-ақ отырыс барысында Елбасының тапсырмасы бойынша Павлодар облысында 2017 жылдан бастап кәсіби және техникалық білім беруді ақысыз негізге ауыстыру жүргізілетінін айтты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі