Германия студенттері ЭКСПО-2017 аясында Қазақстанда білім алмақ. Мұндай мүмкіндік DAAD ұйымы жүргізген байқаудан соң беріліп отыр.
Орталық Азия жоғары оқу орындары арасында осынау құрметті құқыққа Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті ғана ие болып отыр. Бұл таласқа Шығыс Еуропа, ТМД және Балтық елдерінің жоғары оқу орындары да түскен болатын. «DAAD жазғы мектебін» өткізу құқығына Эстония, Хорватия, Әзербайжан, Словения және Украина жоғары оқу орындары ие болды.
«Сабақ шетелдік студенттер үшін үш апта бойы өтеді және үш кезеңнен тұрады», - дейді Жер ғылымы туралы факультеттің деканы Талант Рыспаев. - Бірінші апта - біздің университеттегі «Болашақ энергия: ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы Қазақстанның энерготиімді индустриясының мүмкіндіктері» атты тақырыпта теориялық семинарларға қатысу. Кейін олар Астанаға барып, «ЭКСПО кезінде экспозициялармен бір апта бойы танысады. Үшінші аптада студенттер ШҚО кәсіпорындарында, соның ішінде Бұқтырма ГЭС-да тәжірибеден өтеді».
Германияның DAAD академиялық алмасулар қызметі - студенттер мен ғылыми қызметкерлерді халықаралық алмасуды қолдайтын ең ірі ұйымдардың бірі. Мысалы, 2015 жылы DAAD Германияның 239 жоғары оқу орнын және 122 студенттік ұйымын біріктірді. Шетелде, соның ішінде Қазақстанда оның 15 өкілдігі, 55 ақпараттық орталығы бар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі