Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ететін орта буынды кәсіби мамандар даярлау үшін негіз қалайды. Еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері ауқымының жедел қарқынымен өсуіне байланысты техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауда сапалы ұмтылыстың қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты елімізде заман талабына сай білімді, озық технологияларды жетік меңгерген, кәсіби білікті жұмысшы мамандар даярлауда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында үлкен міндеттер мен талаптар жүктелеліп отырғаны белгілі.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда ерекше рөл атқарады. Қазіргі таңда кәсіптік салада жан-жақты білімді, білікті, бәсекеге қабілетті маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік, өзіндік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді.
Кәсіптік білім бердудің сапасын одан әрі жақсарту және олар кәсіби даярлығын жетілдіру XXI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлаудың негізгі міндеттерінің бір болып табылады.
Сыни тұрғыдан ойлау-білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын ең басты педагогикалық технология.
Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың,тәжірибенің,ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.
Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Олар қолданатын кез келген нысанның артында обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалармен стандарттар ғана емес,сондай-ақ баланың,дамуы,оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау,қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. Ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйенсек сыни тұрғыдан ойлау студенттердің қызығушылықтарын арттырумен қатар олардың білім деңгейлерінің көтерілуіне ықпал етеді. Мен тәжірибелік сабақтарымды өткізу барысында осы сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін жиі қолданамын. Бұл әдісті қолданғандағы мақсатым барлық студенттерді тақырып бойынша өз ойларын толық жеткізуге, сыни ойлауын дамытуға, сабаққа деген ынтасын арттыруға ықпал етеді деп ойлаймын.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы студенттер белгілі бір мазмұнға сын тұрғыда қарап мол ақпараттар ағымынан өзіне қажеттісін таңдап алуға, саналы шешім қабылдауға, сұрақ қоя білуге, әр кез сол сұраққа жауап іздеуге үйренеді, ойы дамиды. Оқытушы студенттің білім алуға бағытталған әс-әрекетін бақылай алады, бағыт-бағдар береді. Студенттер жаңа сабақты, ақпараттарды өз бетімен меңгереді.
Дуальды оқыту жүйесі жөнінде Елбасы Н.Назарбаетың «Мәңгілік ел» болуды мұрат еткен «Қазақстан - 2050» Стратегиясы» саяси маңызы зор тарихи Жолдауында таяудағы 2-3 жылда дуальдық, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керектігі және келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшуді қарастыру қажеттілігі нақты айтылып өтті.
Кәсіптік және техникалық білім беруді дамыту, білім беруді дүниежүзілік стандарттарға сәйкестендіру өте маңызды мәселе, өйткені, ішкі еңбек нарығы жаңа ақпараттық технологиялармен қаруланған кәсіптік және техникалық білімі бар өз кадрларымызбен қамтамасыз етуді талап етуде.
Инновациялық экономиканы құрастырудың қажетті шарты білім беру жүйесін модернизациялау болып табылады. Оның басты факторы 2011-2020 жылдарға арналған кәсіптік және техникалық білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы болып есептеледі. Кәсіптік және техникалық білім берудің заманауи үлгісін құру бағдарламасының жүйелік өзгешеліктерін негізі қаланды. Еңбек нарығы шарттарының өзгеруін ескере отырып білікті мамандар дайындау жүйесін құрудағы әлеуметтік серіктестіктердің құрылымын белсенді пайдалану қажет. Кәсіптік білім беру саласында әлеуметтік серіктестіктің байланысы арқылы студенттердің таңдаған мамандық туралы түсініктерін қалыптасады, оқу поцесінде алған теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалану дағдыларын тереңдетеді, өндірістік жағдайда шешім қабылдау іскерлігі қалыптасады.
Оқу орнындары мен жұмыс берушілердің арасындағы келісім шарттардың құрамы:
- өндірістік тәжірибеден өту;
- оқу орындағы материалдық-техникалық базаны бекіту;
- түлектерді жұмыспен қамту.
Дуальдық жүйе бойынша оқыту студенттердің кәсіби біліктер мен дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің – өзара байланысын, өзара әсерін, өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз.
Дуальдық жүйе өз мәнінде білім беру мекемесі мен өндірісте қатар білім алуды білдіреді. Білім беру теория мен тәжірибенің байланысы принципіне негізделеді. Дуальдық жүйеде тараптардың қарым-қатынасы тепе теңдік және әділдік принциптері негізінде құрылады. Әлеуметтік серіктестікке қатысушылар оқыту нәтижесіне ғана емес, сонымен қатар оқытудың мазмұнына, оның ұйымдастырылуына мүдделі. Студенттерді кепілдікке ие болуға және бәсекеге қабілетті маман болуға, мемлекеттің кәсіби мамандарды даярлауға тапсырыстың қалыптасуына және орындалуына, өндірістің өмірге және жұмысқа жақсы дайындалған білімді мамандардың келуіне, оқу орнының білім беру қызметіне сұраныстың артуына деген мақсаттары орындалады.
Мамандарды даярлау барысында оқытудың дуальды жүйесі маңызды роль атқарады. Оның ерекшелігі сол, кәсіптік оқыту үрдісінің басым бөлігі оқу орнында емес, кәсіпорында өтеді. Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту үрдісін тереңдетуге дуальды жүйені енгізу үлкен мүмкіндіктер берді. Оқу үрдісінің барлық деңгейлерінде сапалы, тиімді әлеуметтік дайындықтар жоғарылатылды. Осы арқылы жаһандық білім бәсекелестігіндегі кәсіби маман даярлауда кәсіби шеберлікке, іскерлікке қол жеткізуге болады. Сапасы жоғары білімі бар ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана еліміз бәсекеге қабілетті мемлекет болатыны анық.
Бүгінгі заман талабы - жан-жақты дамыған, өзіндік "мені" қалыптасқан "тұлға" тәрбиелеу. Студент "тұлға" болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге жалпы алғанда жеке адамның құзіреттіліктері қалыптасуы қажет.
Дуальды жүйемен оқытудың жетістігі көп:
Біріншіден, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады, себебі оқу барысында өндіріспен тығыз байланыста болған студент жұмыс берушінің барлық талаптарын игеріп, меңгерген жұмысшы маман болады.
Екіншіден, жақсы білімді, болашақ жұмысшы маман психологиялық жағынан жаңа ортаға бейімделген дайын маман болып шығады. Өндірісте өздігінен шешім қабылдай алады. Теория мен тәжірибені меңгеріп, бекітілген жұмысқа деген жауапкершілік сезімі жоғарылайды. Өндірісте болғандықтан ұжыммен жұмыс жүргізеді және өндірістегі жұмыстарға бейімделеді.
Үшіншіден, «тәжірибеден теорияға» принципімен жұмыс жүреді, студент теориялық, яғни текстпен айтудан гөрі, өндірістегі жағдаяттарға сәйкес жұмыс жүргізеді. Теориядағы қиындық келетін терминдер мен есептерді тәжірибе жүзінде шешеді.
Төртіншіден, жұмыс берушінің студентке берген бағасы дайындалған маманның біліктілігімен байқалады. Алғашқы күннен бастап ұзақ уақыт өндірісте жұмысшы болған студент, өзінің білім мен ынтасын көрсетеді.
Бесінші, оқытушы тек қана теорияны ғана меңгермей, өндірістегі соңғы жаңалықтарды біліп, заманауи талаптарды меңгереді.
Алтыншы, бюджеттік шығын азаяды, себебі оқуға кеткен шығынның біраз бөлігі өндірісте болғандықтан студент оны күнделікті көріп, игереді.
Жоғарыда аталған мәселелердің барлығы дуальды оқыту технологиясы енгізіліп, жүзеге асқан кезде қол жеткізетін нәтижелер.
Дуальды оқыту үдерісінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдаланудың маңызы зор. Сыни тұрғыдан ойлау- оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Студенттің оқытушымен, қатарластарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Сыни ойлаудағы студент әрекеті:
Өз ойын еркін жазу
Өзгені тыңдай білу және көмектесу
Бірлесе әрекет ету
Өз әрекетін талдау
Өз мақсатын анықтау
Дуальды үлгіде сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы бойынша сабақ жоспарының кезеңдері:
Қызығушылықты ояту – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі.Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы студент не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады.
Мағынаны тану - үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.
Ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту үдерісінде студенттің толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Студенттер өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда студенттер бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді.
Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Оқытушы бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі студент санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс.
Қорыта келгенде дуальды оқыту жағдайында сыни тұрғыдан талдау жүргізу студенттердің теорияда алған білімін практикада пайдалануына және өз мамандығын жетік білуіне мүмкіндік туғызады. Техникалық және кәсіптік білім беру саласында дуальды оқытуға көшу шәкірттеріміздің білімді және білікті маман болуының негізгі қозғаушы күші болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы №11 (71) 2012 жыл
2. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы 2012 жыл
3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
4. Егемен Қазақстан газеті, 7 ақпан 2013 жыл
5. Интернет материалдары
6. «Техникалық және кәсіптік білім» ақпараттық – әдістемелік журнал 2014 жыл
Малыбаев Шархан Сейдахметович
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы,
Бақанас аграрлы–индустриалдық колледжінің
өндірістік оқыту шебері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі