Өлең, жыр, ақындар

Сағадиев мектептерде ақша жинауды өркениетті жолға түсірмек

Қазақстанда орта мектептер жанынан байқаушылар кеңесі құрылады. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерлан Сағадиев мәлім етті.

«Үстіміздегі жылғы тағы бір міндет - мектептердегі ақша жинау мәселесі. Министрлік ұстанымы қарапайым - мектепке көмектесу керек. Бұл өркениетті қоғамға белгілі. Кез келген өркениетті қоғамда қоғамдық бастамалар негізінде қолдарынан келгенше көмек беруге тырысады. Мұнан бас тартуға мүлдем болмайды. Бірақ, оны өркениетті жолмен жасау керек, ережесін жазу қажет. Барлығы да ерікті екендігі айқын көрініп тұруы тиіс. Адам моральды сыйақы алуы қажет. Оның суреті мектеп қабырғасы сынды жерлерде ілінуі тиіс», - деді министрі.

Сонымен қатар ол мектептерде ақша жинауға тыйым салып, оны шешу жолдарын да атап өтті.

«Кімде кім қаламаса, онда оны мәжбүрлеуге мүлдем болмайды. Шындығында мектептердегі ақша жинауға қатаң шектеу қою керек. Жоспар қарапайым байқаушылар кеңесін құру», - деді Ерлан Сағадиев.

Оның айтуынша, байқаушылар кеңесінің құрамына ата-аналар комитетінің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, депутаттар, облыстық білім беру басқармасының қызметкерлері, партия мүшелері кіре алады. Жалпы, кеңеске 17 адам мүше болады.

«Олар мектептің қамқоршылық кеңесін құрып, қызметіне, оның ішінде демеушілік жарналардың жұмсалуына жетекшілік етіп отырады. Оған шектеу қойылмаған. Біз Қаржы министрлігімен сөйлестік. Оларға мектептен бөлек есепшот құруға және ашуға рұқсат беріледі. Мектеп аталған кеңестер арасында түскен қаржы, оның қайда жұмсалғандығы  туралы есеп береді. Мұның барлығын жасауға жарты жыл бөлінген. Біз мұны жасаймыз», - деді Ерлан Сағадиев.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Төребек

Осы шудың басты қаһрманы мектеп басшысын сайлау арқылы жүзеге асса, əкімдер сыбағасынан құр қалады ғой-Ə.

Мөлдір

Періште алтын көрсе, жолдан таяды... Бәрібір жолын табады)

Толкын

Ақша жинауды шек қою керек дейды бирак ким қояды. Жыл басынан 8 мын бердым папка аламыз деген соң. 8 мын папканын гана акшасы баска усак туйекты санамаганда. Сонда сонша пака ала бергенше сабақ окытпайсындарма. Или мемлекет оқушыға папка қағаздарын алып бере алмайтын халге жеткен ба.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар