Өлең, жыр, ақындар

Астанада балабақшаларға жолдамалар электронды түрде берілетін болды

2017 жылдың 10 сәуірінен Астана қаласында мемлекеттік балабақшаларға жолдамалар www.astana.kz порталы арқылы электрондық түрде берілетін болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл бағытта қызметті алушыларға 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін мынадай шарттарды орындау керек:

1) электрондық-сандық қолтаңбаны алу (ол үшін ХҚКО «Азаматтарға арналған үкімет» КАҚ жүгіну қажет);

2) өтінім берушінің электрондық-сандық қолтаңбасы (жеке кабинетке кіру) арқылы www.astana.kz жүйесінде тіркелу;

3) өтінім берушінің жеке кабинетінде байланыс мәліметтерін көрсету немесе өзгерту (электрондық пошта, ұялы телефон нөмірі, жақын жердегі балабақшаны анықтау үшін тұрғылықты мекенжай) қажет. Байланыс мәліметтері Сіздің кезегіңіз келгені жайлы хабардар ету (хабарлама, ескерту хат) үшін керек.

Жолдамалар кезекке сәйкес қолданыстағы балабақшалардағы бос орындарға беріледі.

Жалпы Астана қаласы бойынша 8412 бос орын бөлінеді.

Сіз толыққанды нұсқамамен e.astana.kz жүйесінде http://ises.astana.kz/DayCareQueueService/Instruction сілтемесімен өту арқылы таныса аласыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар