Өлең, жыр, ақындар

Сағадиевке қарсы ашық хат жазған академиктер қандай құжатқа қол қойғандарын білмейді - БҒМ

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Білім жəне ғылым министрлігінің өкілдері «Қазақ тілі» мен «Қазақ əдебиеті» пəндері жалпы жіктеуіштен алынбағанын ресми мəлімдеді. Білім вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, өткен сенбіден жексенбіге қараған түні министрліктің сайтына шабуыл жасалғанын, жіктеуіш құжаттың өзгергені туралы ақпараттың жалған екенін ресми мəлімдеді.

Жоғары жəне жоғары оқудан кейінгі жіктеуіштен «Қазақ тілі» жəне «Қазақ əдебиеті» пəндері жойылды деген ақпарат шыққан соң, бір топ академиктер Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына ашық хат жолдаған еді. Білім министрлігінің Жоғары жəне жоғары оқудан кейінгі білім департаментінің директоры Дархан Ахмед-Заки ол академиктер қандай мəтінді ашық хатқа қол қойғанын түсінбеуі де мүмкін дейді.

«Қазір Қазақстанда жалғыз заңды түрде бекітілген құжат бар. Ол - жоғарғы оқу жəне жоғарғы оқудан кейінгі жіктеуіш. Осы құжат  2009 жылы бекітілген, содан бері өзгерген жоқ. Осы мамандықтарға байланысты кейін мемлекеттік гранттар бөлінеді, ал, қазір «Қазақ тілі» жəне «Қазақ əдебиет» пəндері бойынша жеті мыңнан аса маман оқып жатыр. Оның ішінде екі мыңнан астамы грантта. Жалпы, биыл да, келешекте де ол бағытта өзгерістер болады деп көздеп отырған жоқпыз»  - деді департамент директоры.

«Əрине, менің ойымша қол қойған кезде ол академиктерге де белгілі ақпаратты дұрыс жеткізбеген шығар. Сондықтан, өкінішке қарай, ол кісілер білмей қол қойған. Ал, ашық хаттың ішінде айтылғандай «Қазақстандағы мамандықтардың арасынан қазақ тілі сабағы кетті» деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - деді ол.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Рахила Наралиева

Отандық оқыту жүйесінің жаңа бағыты
Бастауыштың 1-3 сыныптарында ағылшын тілін оқыту қажет емес, 4-сыныптан бастап енгізіп, алдымен бейнелеу, музыка сабақтарын, содан соң жаратылыстану пәндерін біртіндеп ағылшын тілінде оқыту жүйесін енгізсе болады. қалай десек те ағылшын тілі әлемднің білім-кеңістігінде де, саяси сахнада басымдыққа ие. Балаларымыздың болашағын ойлауымыз керек, құр босқа кергілесе бермей. Балаларды қазақша оқыту айғайлап жүрген кейбір ұлтшылдарымыздың балалары, немерелері қазақша біле ме екен. Отандық оқыту жүйесінің жаңа бағытын қалыптастыру бүгінгі күннің талабы, олай болмаса уақыт ағынына, заман талабына ілесе алмай қаламыз. Қазіргі уақытта алпауыт елдерде үлкен өнеркәсіптерде, зауыт-фабрикаларды адам еңбегі, қол еңбегі қажет емес болып қалған, роботтар жұмыс істеуде. мысалы, жақында ғана Ресей телеарнасы АҚШ-тың әскери форма тігетін фабрикасын көрсетті. Үлкен фабрикада үш адам еңбек етеді. бастық, 1 есепші-қаржыгер, қарауылдық, сақтық жүйені бақылаушы 1 маман. Бұл жүйе ерте ме кеш пе әлемді қамтиды, біз, біздің ұрпақ осыған дайын болуы керек. Сондықтанда тырнақ астынан кір іздемей, отандық білім беру жүйесінің тиімді де озық бағытын қалыптастыру үшін ұстаздар ұжымымен ғалымдар бірлесе еңбек ету керек. Бірлік бар жерде, тірлік бар, береке бар. Теория мен практика ұштасып жатса ғана, жетістік болады. Инновациялық бағыттың бәріне одырая қарауды қойып, дұрыс шешім қабылдау қажет. Ол үшін әртүрлі идеялар тасқынын сүзгіден, сараптамадан өткізіп алып, содан соң әрекет еткен абзал.

Інкəр

Ағылшын тілін ешкім керек емес деп тұрған жоқ, қазақ тіліне зиян тимесін деп тұр ғой жұрт. Қазірдің өзінде орыс сөздерін қолданбай сөйлей алмаймыз.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар