Өлең, жыр, ақындар

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Оқушының жек тұлғасын ,рухани әлемін,ынтасы мен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі. Себебі: оқушылар өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге ,өз бетінше білімді тәжірибеде,өмірде пайдалануға дағдыланбаған.Сондықтан көп жағдайда оқушылардың өз күшіне сенімін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту үшін сабақта әр түрлі, жан-жақты болу керек.

Осы мәселені шешу жолында өзім жүргізіп жүрген кейбір шараларды,сабақтарды әріптестеріммен бөліскім келеді.Оқу материалын түсіндіру кезінде оқушылардың сезіміне,эмоциясына ықпал ету арқылы ынта-ықыласын,қызығушылығын күшейту.Сабақ оқушыларды жалықтырмайтын және біркелкі болмас үшін мұғалімінің әрбір сабағы оқушы сезіміне әсер етуі керек. Ол үшін сабақтар құрылымы көп түрлі болып оқыту әдістері,мұғалімнің дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру-мұғалімнің өз еңбегін жаңаша ұйымдастырып,жаңа сабақлардың пәнге деген қызығушылығын арттыру-мұғалімнің өз еңбегін жаңаша ұйымдастырып,жаңа сабақлерімен оқушыларды шығармашылыққа өз еңбегінен ләззат алу мүмкіндігін дамытуға бағыттау,ізденімпаздығын қалыптастыру,оқушыларға сұрақтар қою эксперименттік мәні бар тапсырмаларды шештіру,танымдық ойындар арқылы іске асырады.

    Сабақта оқушылардың толғанысын ,сөйлеу шеберлігін ,ізденушілігін,байқампаздығын арттыру үшін қазақ және басқа халық ертегілерін,ақын-жазушылардың табиғат құбылыстары туралы өлең –жырларын  сабақта пайдаланған жөн.Оларға бағыт-бағдар беріп, сол ертегілердегі физикалық құбылыстары мен заңдылықтарды тауып,сурет түрінде бейнелеуге тапсырмалар беруге болады.

 

  Мысалы: «Бауырсақ» ертегісі» 9-сыныпта қайталау сабақтарында осы ертегіні оқып,мына сұрақтарға жауап іздеуін сұраймын.

Сұрақтар: Бұл ертегіде қандай физикалық заңдылықтар мен ұғымдар қолданылған?

Осы заңдылықтар мен ұғымдарды қалай бейнелеп салуға болады?

Жауабы: Еркін түсу үдеуі,домалау,тыныштық үйкелістері,энергияның түрленуі.

«Қасқыр мен түлкі» ертегісі 8 сыныпта «денелердің балқу мен қатаюы»тақырыбын өткенде осы ертегіден мына сұрақтарға жауап беруін  және кездесетін құбылыстар туралы сурет салып келулері тапсырылады.

    «Екі аяз» , «Алдар көсе мен тоңғақ бай» ертегілерін 7 сыныптар үшін     «Жұмыс,Энергия,Қуат» тақырыптарын өткенде пайдалануға болады.

   10 сыныпта «Кристалл денелер» тақырыбын өткенде мына өлең жолдарын пайдалануға болады:

Қыста боран шақырып,

Тартады жел ызғырық.

Көлдің бетін қатырып,

Жатыр торын мұз құрып.

   8 сыныпта «Кебу,булану,конденсация» құбылыстарын өткенде ,Сырбай Мәуленовтың «Табиғатпен жаным бірге» өлеңін пайдалануға болады.

Мұндай сабақтар оқушыларға оқу материалының есте сақтай білуге,өз бетінше білімді тәжірибеде пайдалану дағдысын арттыруға ,мұғалімнің кері байланыс жасауына , оқушының өз мүмкіндігін байқап, оны дамыта түсуіне көмектеседі.

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз