Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің қос оқушысы Шымкент қаласында өткізілген республикалық VII Наурыз кездесулері ғылыми жобалар байқауынан жеңіспен оралды.
Аталған мектептің баспасөз хатшысы Ақмоншақ Мақсотқызының айтуынша, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы ұйымдастырған дәстүрлі байқауға еліміздегі Назарбаев зияткерлік мектептері мен Оңтүстік Қазақстан облысындағы білім ордаларынан 160-қа жуық оқушы қатысып, бақ сынады.
Төрт түрлі бағытта өткен ғылыми жобалар байқауында оқушылар баламалы қуат көздері, физика, технология және медицина салалары бойынша жұмыстарын қорғады. Байқауға оңтүстікқазақстандық алдыңғы қатарлы ғалымдар қазылық етті. Екі күнге созылған шара барысында қатысушылар еліміздегі ең үздік жас ғалымдар мен шетелдік мамандардың дәрісін тыңдап, ғылымның шексіз сырларына үңілді. Дәрістер ғылым, технология, инженерия, өнер, математика, IT, медицинадағы соңғы ізденістер мен жаңалықтарды қамтыды.
Оралдан барған Назарбаев зияткерлік мектебінің шәкірті Талғат Молдаш «Атмосфералық ауадан энергия алудың әдістері» жобасымен «Энергияның балама көздері» секциясында жеңімпаз атанса, Бекет Мырзанов «STEAM идеялар» бағытында «Интерактивті кітапхана» жобасымен жүлделі үшінші орынды иеленді. Талғатты Өмірғали Бекешов дайындап апарса, Бекеттің жетекшісі - Жәмила Хусанова.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі