Өлең, жыр, ақындар

Қарағанды кәсіпкерлері колледжге 4 млн теңгенің жабдықтарын алып берді

Кәсіпкерлер қажетті мамандарды жұмысқа тарту үшін Қарғандыдағы колледжге оқу құралдарын сатып әперіп, алдыңғы қатарлы техникалар зертханасын жабдықтауда.

Шағын және орта бизнесте байланыс саласының мамандары жетіспейді. Кәсіпкерлер колледждердің жоғары білікті мамандарды даярлап шығаруы үшін білім ордаларындағы зертханаларды жабдықтап, материалдық жағынан көмек қолын созуда.

«Кәсіпкерлер индустриялды-технологиялық колледжі өз қамқорлықтарына алып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде.

Колледжде құрамына бірнеше кәсіпкер кіретін қамқоршылық кеңесі құрылды, келісімшарт аясында оқу процессінде студенттерге қажетті барлық құралдармен жабдықтауда», - деп хабарлады өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Өңірлік кәсіпкерлер колледждің зертханасын 4 миллион теңгеге жабдықтармен қамтамасыз етті.

«Колледжде «Электр байланысы сызықтық құрылғыларын және сымды хабар таратуды эксплуатациялау» мамандығы бойынша дуальді оқытуды енгізу іс-шарасын жүзеге асыру мақсатында төрт фирмамен төрттарапты келісімшарт жасалды. Кәсіпкерлердің арқасында білім ошағымыздың материалдық-техникалық базасын жаңарттық: заманауи техникалармен жабдықталған зертхана аштық», - деді колледж директоры Ирина Кисилева.

Қазір студенттер оқуға арналған барлық қажетті құралдармен жабдықталды. Бұл көмек олардың оқуға деген ынтасын арттырды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар