ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Жұмаділдаева балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту есептілігіндегі сандардың сәйкессіздігін сынады.
«Мектепке дейінгі мекемелердегі жалпы орын саны 814 140. Ал есептерде балабақшамен қамтылғандардың саны 807 170 адам. Демек, республика бойынша мектепке дейінгі мекемелердің жобалық қуатынан 6970 орынға кем. Осы ретте мынандай сұрақ туындайды. 160 мыңнан астам бала мектепке дейінгі мекемелерге бара алмай отырғанда шамамен 7 мың орын неліктен бос тұр? Бұл есептіліктегі қателік пен әлде мектепке дейінгі мекемеге кезекке тұру және бағыттама алуды бекіту жөніндегі мемлекеттік қызметтердің есепке алу жүйесіндегі кемшілік пе?», - деді ол бүгін Мәжілістегі мектепке дейінгі оқыту қызметінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында.
Оның атап өтуінше, 2015 жылмен салыстырғанда 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамту өсімі республика бойынша 4,2 пайызды құраған.
«807170 бала мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Бұл 3-6 жас аралығындағы балалардың жалпы санының 65,8 пайызын құрайды. Ал біз Білім және ғылым министрлігінің статистикасына жүгінер болсақ, онда республика бойынша мектепке дейінгі білімммен қамтудың орташа көрсеткіші 85,8 пайыз болып шығады. Бұл сан қамтылуы тиіс балалар санаты есебінен шығып отыр», - деді Жұмаділдаева.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі