Өлең, жыр, ақындар

Байбек латын әліпбиін әзірлеуге алматылық ғалымдарды үлес қосуға шақырды

Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талдауға арналған қала активінің жиынында мегаполис басшысы Бауыржан Байбек қазақ тілінің латын әліпбиін жасауға алматылық ғалымдар мен зерттеушілерді үлес қосуға шақырды.

«Күн сайын қарқынды дамып жатқан заманауи технология, коммуникация және инновацияның техникалық тілін жедел меңгеруде латын әліпбиінің рөлі айрықша болмақ. Бұл бағытта Елбасы 2025 жылға қарай баспа ісін толық латын әліпбиіне көшіруді ұсынады. Ол үшін ел Үкіметіне қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін әзірлеуді, жыл соңына дейін қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдауды тапсырды. Бұл іске тіл білімінің басы-қасында жүрген алматылық ғалымдар, қаламызда орналасқан ғылыми зерттеу институттары мен кәсіби зерттеу орталықтары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, ат салысады деп сенемін», - деген қала әкімі болашақта бұл істі бірінші болып алматылық зиялы қауым мен қала жастары қолдап шығатынын айтты. 

«Практикалық, одан кейін идеологиялық мәнге ие осы бастаманы ең алдымен Алматының зиялы ортасы мен жастары қызу қолдайтыны сөзсіз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елде мемлекеттік тілді білетіндердің саны 40 пайыз десек, бүгіндері ол 80 пайызға жетті. Алматы қаласында бұл көрсеткіш кезінде небәрі 20 пайыз болғанын сіздер жақсы білесіздер. 1991 жылы қалада небәрі 18 ғана, оның өзінде, қазақша-орысша аралас тәрбие беретін мемлекеттік балабақша болса, бүгін оның саны 157-ге жетті. Мектеп саны да 7-ден 65-ке дейін артты, ондағы бала саны 11 мыңнан 104 мыңға дейін өсті», -деді Бауыржан Байбек.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Oerken

Qazaqtinh Oelcemdi Latin Aelipbyi

http://qamshy.kz/home/show/5961

Дастан

Oerken, әліпбиің бытшыт

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар