Қазақстанда жоғары оқу орындарының студенттері оқыту бағдарламасының бағытын өзі таңдауға мүмкіндік алады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.
Министрдің айтуынша, студенттер өзінің негізгі мамандығынан бөлек, өзге мамандықтардың пәндерін де оқу бағдарламасына қоса алады.
«Енді студенттерге оқытудың жеке бағытын өздері құруға құқық беріледі, ол екі бағыт бойынша жүреді: пәндерді терең игеру және қосымша игеру. Қосымша игеру деген, мысалы, физик-студенттер білімдерін заң ғылымдарымен, экономистер - құқық пен маркетинг негіздерін де оқи алады», - дейді Е. Сағадиев.
Осылайша, білім беру жүйесіне пәнаралық оқыту енгізілмек. Қазір бұл әдіс педагогикалық мамандықтарда жұмыс істеп жатыр. Онда педагогикамен қатар, физика мен математиканы, физика мен химияны оқуға болады.
Мемлекет тек негізгі бөлігін - терең игеруді қаржыландыратын болады.
Егер студент 18 кредит алған болса, біз сол 18 кредитті ғана қаржыландырамыз, ал оның ішінде студенттің таңдау жасау құқығы бар. Бірақ тек терең игеру ғана қаржыландырылады», - деп атап өтті министр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі