Сөйлеу қызметі-бұл белсенді, тілдік жүйеге негізделе отырып бағытталған және де байланысты қабылдау және таратуға негізделген процесс. Қызмет немесе әрекет-шығармашылық сипаттағы жүйе, ол түрлі коммуникациялық міндеттерді шешуге бағытталған.
Сөйлем формалары 2 түрге ажыратылады:
1. Ауызша;
2. Жазбаша.
Сонымен қатар сөйлеу қызметі белгісі мен сипатына қарай өнімді және рецептивті болып ажыратылады.
Сөйлеу - бұл ойлаудың негізі екені баршамызға белгілі. Осыдан, сөйлеудің барлық түрлері бойынша меңгермесек (тыңдап-түсіну, оқу, айту, жазу) шет тілін өзіміз де меңгере алмаймыз, басқаға да үйрете алмаймыз.
Оқу процесін жан-жақты ойластырып ұйымдастыру, белсенді ойлау іс-әрекеттеріне деген сүйеніш, оқытудың түрлі әдістерін пайдалану, қабылдауға берілетін тапсырмаларды нақтылау осы аталғандардың барлығы оқушылардың материалды қабылдауда тәжірибелік әрекеттерді қабылдауға, игеруге көмектеседі.
Ағылшын тілі сабағынде шетелдік баспасөз құралдарының көмегімен оқушылардың сөйлеу-оқу дағдыларын ынталандыратын және мотивациялайтын жағдайды құрастыруға болады. Нәтижесінде оқушылар шет тілінде сөйлеуге және оқуға деген қажеттіліктері де туындайды. Осылайша шетелдік баспасөз құралдары оқушылардың оқу және сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған сабақтарда оқытудың таптырмайтын құралы болып табылады.
Л.М. Максаковский шетелдік баспасөз құралдарының көмегімен оқушылардың сол тақырып бойынша өз ойын айтудағы көру тіректерін пайдалануы деген ұсыныс айтады.
Шетелдік баспасөз құралдарының оқушылардың сөйлеу-оқу дағдыларын дамытуға ынталандырушы жағдайдың туындауына көмектеседі, суреттеуші материалдың мазмұны бойынша әңгіме құрастыруды жеңілдетеді.
Шетелдік баспасөз құралдарымен жұмыс жасау өте тез қарқында жүреді. Сонымен бірге оқушылардың сұрақтарға жауап беру қабілеттілігін дамытуда, оқушылардың өз ойын айтуына түрткі болатын ситуациялық сұрақтардың қойылуына қолданылатын газет-журнал мақалаларынан алынған мәтінді тез, әрі жылдам ауысып отырылуын қадағалау керек.
Шетелдік баспасөз құралдарының бойынша тапсырмалар беруші мұғалім оқушыларды газет-журнал мәтіндерінде айтылған бөлшектеріне назар аударуды ұсынады. Шетелдік баспасөз құралдарының оқушыларды берілген мақала үзіндісі бойынша монологтық өз ойын айтуға, таныс лексикалық материалды кеңінен пайдалануға көмексетуде, алдын өтілген сөздер мен сөз тіркестерін еске түсіруге итермелейді.
Ағылшын тіліндегі сөйлеу әрекеттерінің келесі формаларын ажыратылады:
- Монологтық;
- Диалогтық;
- Полилогтық.
Монологтық сөйлеу қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған сабақ мазмұны.
Ал енді, ағылшын тілі сабағында шетелдік баспасөз құралдары арқылы оқушылардың монологтық сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру әдістемесіне тоқталсақ.
1-кесте
Ағылшын тілі сабағында шетелдік баспасөз құралдары арқылы оқушылардың монологтық сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру әдістемесі
Оқушылардың оқу дағдысымен қатар монологтық сөйлеу дағдысын дамытуға бағытталған іс-әрекеттер |
оқушыларға ұсынылған газет-журнал мақаласынан алынған үзіндіні бүкіл сынып оқушыларына ұсынылады; |
газет-журнал мәтінімен жұмыс істеудің 5 кезеңі бар екендігін кейінгі бөлімдерде айтатын боламыз. Сол кезеңдер бойынша оқушыларға түрлі тапсырмалар беріліп, оқушының жеке ойын айту сұралады. |
|
Газет-журнал мәтінімен жұмыс істеудің кезеңдерінде оқушыларға ұсынылатын тапсырмалар |
саған ұсынылған шетелдік баспа құралы мақалсынан үзінді бойынша сол мақаланың атауы туралы өз ойыңды айт? |
Мақаланың атауы бойынша мақала не туралы екендігін айта аласың ба? |
|
Мақаланың атауында географиялық атаулар немесе басқа да атаулар кездесе ме? |
|
Мақала атауы бойынша мақаланың саяси-қоғамдық, өнер, жаңалықтар, спорт, жаңа технологиялар осы рубрикалардың қайсысына жататындығын алдын ала анықтай аласың ба? Егер, анықтай алсаң қайсы рубрикаға жатады? неге мұндай шешімге келдің? |
|
Мақаланы оқып шығып, мақала туралы қандай оймен бөліскің келеді? Өз ойыңды ай |
|
Шетелдік баспасөз құралындағы мақала үзіндісіндегі мағлұматтарды одан алдын естігенбе едің, не бұл бірінші рет естуің бе? |
|
Өзің, өз бетіңше немесе ата-анаңмен бірлесіп үйде қандай газет-журналдар оқисың? |
Шетелдік баспасөз құралдарын пайдалану арқылы оқушылардың оқу дағдысымен қатар монологтық сөйлеу дағдысын дамытуға әбден болады. Ол үшін келесідей іс-әрекеттер ұйымдастырлуы керек:
-оқушыларға ұсынылған газет-журнал мақаласынан алынған үзіндіні бүкіл сынып оқушыларына ұсынылады;
-газет-журнал мәтінімен жұмыс істеудің 5 кезеңі бар екендігін кейінгі бөлімдерде айтатын боламыз. Сол кезеңдер бойынша оқушыларға түрлі тапсырмалар беріліп, оқушының жеке ойын айту сұралады. Оларға:
1. Саған ұсынылған шетелдік баспа құралы мақалсынан үзінді бойынша сол мақаланың атауы туралы өз ойыңды айт?
2. Мақаланың атауы бойынша мақала не туралы екендігін айта аласың ба?
3. Мақаланың атауында географиялық атаулар немесе басқа да атаулар кездесе ме?
4. Мақала атауы бойынша мақаланың саяси-қоғамдық, өнер, жаңалықтар, спорт, жаңа технологиялар осы рубрикалардың қайсысына жататындығын алдын ала анықтай аласың ба? Егер, анықтай алсаң қайсы рубрикаға жатады? неге мұндай шешімге келдің? Өз ойыңмен бүкіл сыныптастарыңа бөліс.
5. Мақаланы оқып шығып, мақала туралы қандай оймен бөліскің келеді? Өз ойыңды ай. Бүкіл сыныптастарыңмен өз ойыңды бөліс.
6. Шетелдік баспасөз құралындағы мақала үзіндісіндегі мағлұматтарды одан алдын естігенбе едің, не бұл бірінші рет естуің бе?
7. Өзің, өз бетіңше немесе ата-анаңмен бірлесіп үйде қандай газет-журналдар оқисың?
Сабақтың тақырыптық жоспары шынайы қарым-қатынаста кездесетін монологтың көптүрлілігіне негізделіп құрастырылады. Оларға жататындар:
- сәлемдесу сөзі;
- мақтау;
- лекция;
- әңгіме;
- мінездеме;
- сипаттама;
- айыптаушы немесе ақтаушы сөздер және т.б.
Осылайша, сабақ барысында оқушылар өз ойын айту арқылы, монологтық сөйлеу дағдысы дамиды, өз ойын айтуға үйренеді.
Шетелдік баспасөз құралдарын қолдану арқылы «Төменнен жоғары» тәсілімен ұйымдастырылған сабақтың мазмұны. Аталмыш тәсілді мұғалімдер келесі жағдайларда қолданады:
- сөйлеу қабілеті әлі толық жетілмеген кездерде, оқушылардың газет-журнал мақалалары туралы өз ойларын толық айта алмайтын кезеңде;
- сөйлеу қабілетінің қалаулы дәрежесіне жету үшін, мұғалім келесі жәйттерге сенімді болуы керек:
- Оқушылар сабақтың тақырыбы туралы, сабақта ұсынылатын газет-журнал мақалалары туралы жеткілікті мағлұматтарға ие болуы тиіс;
- Аталмыш газет-журнал мақалалары жақсы дәрежеде талқылау үшін оқушылар шет тіліндегі тілдік дәрежесі жеткілікті дәрежеде болуы керек;
- Оқушылардың сөйлеу репертуарында түрлі сөйлеу функцияларын жүзеге асырудың құралдары болуы керек;
- Оқушылар сөйлеу қабілеттерін меңгерген болуы керек.
Ағылшын тілі сабағында шетелдік баспасөз құралдары арқылы оқушылардың монологтық сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру әдістемесі келесідей.
Монологқа үйретумен диалогтық сөйлеу қабілетіне үйрету процесінің көп ортақ белгілері бар, бірақ сонда да оқыту процесіндегі оқушылардың арасындағы диалогтық сөйлесу қарым-қатынасын ұйымдастыруда мұғалім үшін де, оқушы үшін де күрделі жұмыстарды талап ететіні анық. Диалогтық сөйлеу қарым-қатынасын қалыптастыру оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне, ситуацияға және басқа да көптеген факторларға тәуелді.
Диалогтың келесідей негізгі сипаттамасын ажыратып алуға болады:
- реактивтілік;
- жағдаяттылық.
І. Реактивтілік және тақырыптық суреттер арқылы диалогтық сөйлеу қабілетін қалыптастыру. Диалогтық сөйлеудің аталмыш мінездемесі, яғни реактивтілігі оқушылардың шет тілінде сөйлесу (қарым-қатынас жасау) формасын меңгеруге байланысты қиындықтарға байланысты. Бұл қиындықтардың негізіне келесі себептер жатады:
Шетелдік баспасөз құралдарымен жұмыста оқушыларды жұптастырып жұмыс істеу арқылы оқушының диалогтық сөйлеуін дамытуға болады. ол төмендегідей іс-шаралардың нәтижелігімен жүргізіледі:
1. Бүкіл сыныпты 2 адамнан жұп-жұпқа ажыратылады;
2. Сабақ бойынша ұсынылатын газет-журнал мақалаларының үзінділерінен әрбір жұпқа бөлек мәтіндер беріледі.
3. Жұптың газет-журнал мәтіні бойынша алған тапсырмалары бірдей (мысалы, осы мақала мәтіні бойынша өз ойыңды айт, мәтіннен географиялық және адам атауларын ажыратып көрсет немесе мәтін қандай стильде жазылған т.с.с.).
4. Екі оқушыға бірдей мәтін мен бірдей тапсырма беріледі;
5. Екі оқушы да тақтаға шығып, сол мақала мәтіні бойынша өз ойын айдаты, кейіннен мақала мәтіні бойынша тапсырмаларға жауап береді. Қасындағы жұбы тапсырмалар жауабы мен оқушының ойына қосылмаса, өз сұрақтарын қояды. Ал жауап беруші оқушы сұрақтарға жауап беріп, өз ойын дәлелдеп тұжырымдап беруі керек.
6. Екінші кезекте жұптың екіншісі келесі оқушы шығып, сол мәтін бойынша өз ойын ағылшын тілінде айтады, әрі өз тапсырмаларына жауап береді. Қасындағы жұбы тапсырмалар жауабы мен оқушының ойына қосылмаса, өз сұрақтарын қояды. Ал жауап беруші оқушы сұрақтарға жауап беріп, өз ойын дәлелдеп тұжырымдап беруі керек.
7. Жұптасып жұмыс істеудің басты ерекшелігі, екі оқушы өз ойларымен бөліскеннен кейін, бүкіл сынып болып сол мақала мәтінін талдауға болады. Әрбір оқушы өз ойын айтып, дәлелдеп береді. Нәтижесінде оқушылар арасындағы диалогтық сөйлеу дағдысын одан әрі дамиды, ең бастысы оқушы өз ойын айтуға үйренеді.
2-кесте
Ағылшын тілі сабағында шетелдік баспасөз құралдары арқылы оқушылардың диалогтық сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру әдістемесі
Оқушылардың оқу дағдысымен қатар монологтық сөйлеу дағдысын дамытуға бағытталған іс-әрекеттер |
оқушыларға ұсынылған газет-журнал мақаласынан алынған үзіндіні бүкіл сынып оқушыларына ұсынылады; |
газет-журнал мәтінімен жұмыс істеудің 5 кезеңі бар екендігін кейінгі бөлімдерде айтатын боламыз. Сол кезеңдер бойынша оқушыларға түрлі тапсырмалар беріліп, оқушының жеке ойын айту сұралады. |
|
Шетелдік баспасөз құралдарымен жұмыста оқушыларды жұптастырып жұмыс істеу арқылы оқушының диалогтық сөйлеуін дамытудың әдістемесі |
Бүкіл сыныпты 2 адамнан жұп-жұпқа ажыратылады; |
Сабақ бойынша ұсынылатын газет-журнал мақалаларының үзінділерінен әрбір жұпқа бөлек мәтіндер беріледі. |
|
Жұптың газет-журнал мәтіні бойынша алған тапсырмалары бірдей |
|
Екі оқушы да тақтаға шығып, сол мақала мәтіні бойынша өз ойын айдаты, кейіннен мақала мәтіні бойынша тапсырмаларға жауап береді. Қасындағы жұбы тапсырмалар жауабы мен оқушының ойына қосылмаса, өз сұрақтарын қояды. |
|
Екінші кезекте жұптың екіншісі келесі оқушы шығып, сол мәтін бойынша өз ойын ағылшын тілінде айтады, әрі өз тапсырмаларына жауап береді. Қасындағы жұбы тапсырмалар жауабы мен оқушының ойына қосылмаса, өз сұрақтарын қояды. |
|
Жұптасып жұмыс істеудің басты ерекшелігі, екі оқушы өз ойларымен бөліскеннен кейін, бүкіл сынып болып сол мақала мәтінін талдауға болады. Әрбір оқушы өз ойын айтып, дәлелдеп береді. Нәтижесінде оқушылар арасындағы диалогтық сөйлеу дағдысын одан әрі дамиды, ең бастысы оқушы өз ойын айтуға үйренеді. |
Жаңбыр Айдан
Аркалық Мемлекеттик педагогикалык институтының 4 курс студенті
Жетекшісі: Оскина Макпал Сабитовна
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі