Мемлекеттік стандартқа сәйкес жаңа оқу бағдарламасы енгізіліп отыр. Оқу бағдарламасы оқушылардың мүмкіндіктеріне және ерекшеліктеріне сай құжат. Оқу кезеңі «шиыршық» қағидатымен жеңілден күрделі деңгейге қарай әзірленген. Ұзақ мерзімде жоспарды басшылыққа ала отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлейміз. Оқушылардың білім мен білік дағдыларын меңгеруіне, дербес дамуға, өмірде өз орнын табуға бағыт береді. Оқуда қойылатын негізгі талап оқушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру. Мұндай берілген білім болашақты сезінуге, шешім қабылдауға, тұлғалық қасиетті игеруге септігін тигізеді. Инновациялық тәсілдер оқушыны шығармашылықпен айналысуға бағыттайды. Оқу-жобалау әрекеттері арқылы оқушының белсенділігін арттырады. Пәнді меңгеру үшін қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, әрекет ету, қолдану дағдылары даиды. Бағдарламада оқу мақсаттары жүйелі берілген. Бұл бағдарлама сын тұрғысынан ойлауға, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға, топпен немесе жеке жұмыс істеуге, шешімдер қабылдау сияқты дағдыларды дамытуға кепіл болады.
Заманауи оқу арқылы оқушы бойында жігерлілік, алғырлық, бейімділік секілді қасиеттер орын алады. Сонымен қатар «Қазақстандық патриотизм, құрмет, ынтымақтастық, еңбек, шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу» тәрізді құндылықтаврды оқушыға дарыту басты назарда тұрады. Жалпы алғанда қазақ тілін оқытудың мақсаты ана тілін қадірлейтін, еркін сөйлеп, сауатты жазатын, намысты, рухани бай тұлға қалыптастыру.
Пәнді оқу барысында мынадай міндеттер орын алуы қажет: 1) қазақ тілін сауаттылықпен қолдану; 2) тіл мен сөйлеу сауаттылығы, сөз байлығы 3) еркін қарым-қатынас жасау, көзқарастарын білдіру; 4) қорытынды, синтез, анализ жасау. Оқу мақсаттары төрт бөлімнен тұрады: тыңдалым-айтылым, оқылым, жазылым және әдеби тіл нормаларын сақтау. Тыңдалым-айтылымда болжау, талдау, ақпаратты анықтау, негізгі ойды табу, жауап беру, бағалау және сөйлеу мәдениетін дамыту іске асады. Оқылымда ақпаратты түсіну, стильдік ерекшелікті тану, жанрлық ерекшелігін ажырату, сұрақтар құрастыру, салыстырмалы анализ жасау, стратегияларды қолдану, қажетті ақпарат алу жүргізіледі. Жазылымда жоспар құру, мәтін құрастыру, эссе жазу, жинақы мәтін жазу, түзету мен редакциялау қарастырылған. Әдеби тіл нормаларын сақтауда орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, пунктуациялық нормаларды сақту көзделген. Білім мазмұны бойынша күтілетін нәтижелер оқу мақсаттарына қарай берілген.
Бұрынғы бағдарламадағы оқыту оқушыға дұрыс бағыт беруге бағытталмағаны белгілі. Мектеп бітіргенде қандай мамандыққа бару керектігін біле алмай көп қиындыққа тап болатын. Өмірдегі орнын таба алмай қиналатын. Теріс жолға түсіп, опық жегендері қаншама. Өмірі өкінішке толып, аңсаған арманына қол жеткізе алмай жататын. Бұл бағдарлама тұсбағар секілді балаға бағыт-бағдар көрсетіп, болашақта қандай мамандықты игеріп, өзіндік бейіміне лайық майталман маман иесі атануына дұрыс жол көрсетеді. Оқушы мектеп қабырғасында жүріп өз ерекшеліктеріне қарай келешекте түрлі саланың маманы атануға берік іргетасын қалайды.
Жаңартылған бағдарламамен танысу барысында критериалды бағалау, қалыптастырушы бағалаудың қалай жүргізілетінін түсіндік. Критериалды бағалау арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, жасаған жұмысына қарай бағасын алады. Осы бағалау оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға, жетістіктерін салыстыруға негізделген. Бұл бағалау арқылы оқу сапасы жоғарылайды. Оқушының даму жетістігін бақылауға, қателіктерін айқындауға, өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге, кері байланысты қамтамасыз етуге өте тиімді. Тіл құзіреттілігін жетілдіруге критериалды бағалаудың зор ықпалы бар. Қалыптастырушы бағалаумен оқушының оқу материалын меңгергендігін, кемшіліктерін анықтауға, кері байланысты орнатуға болады. Мұғалім сабақты жоспарлап, табысқа жету алгоритмін құру қажет. Бұл бағалау арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтай алады. Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлардың қалай құрылатындығын толық үйрендік деп айтуға болады. Орта мерзімді жоспарлауда тапсырмалар барлық оқушылардың қажеттіліктерін қамтитыны белгілі. Қысқа мерзімді жоспарлауды мақсат қоя білу, мұғалім мен оқушы іс-әрекеті, рефлексия, жұмысты бағалау көрсетіледі.Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану, тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша жұмыс түрлерін дайындау, рефлексия ұйымдастыру, жоспардың әр бөлімінде кері байланыс болу керек. Мұғалім оқушыға дұрыс бағыт беріп отырса, сабақ жемісті болары сөзсіз. Критерий, дескрипторды қалай құру керектігін білдік.
Аталған курстан өту кезінде толықтай өзгеріп, жаңа заман талабына сай ұстаз болатынымды сезіндім. Өмірде күнде қаншама өзгерістер болып жататыны белгілі. Сол себепті, мұғалім де өмір көшінен кеш қалмауы керек. Жаңартылған білім адам баласының жаңа технологияларды меңгеруіне, болашаққа нық қадам басуына, тұлғалық қасиетін көрсетуге, өзіндік көзқарасын әсерлі оймен жеткізуге жетелейді деп ойлаймын.
Қарағанды облысы, Абай ауданы
Құрма ауылы Курмин ЖББМ
филолог-ақын
Бөкен Қазбек Маратұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
mahabbat
Құрметті сайт иесі, ассалаумағалейкум! Сіздердің сайтқа бірінші рет мақала жіберіп отырмын. Жазған өлеңдерімді жіберуге бола ма? Сайттарыңызда жазылушылар, тіркелушілер, оқырмандар көп болсын! Еңбектеріңізге жеміс, өмірлеріңізге ырыс, мол табыс тілеймін.
Ізгі ниетпен: Бөкен Қазбек Маратұлы
Модератор
Уағалаекүмассалам. Әрине болады. Рахмет!
mahabbat
Ассалаумағалейкүм! Жіберген өлеңге жəне мақалаға сертификат бересіздер ме?
Модератор
Уағалаекүмассалам. Иә, сертификат алуыңызға болады.