Қарағанды облысының мектеп директорлары бюджет қаржысы есебінен шетелге тәжірибе алмасуға жіберілетін болады. Бұл туралы білім қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясында облыстық білім басқармасының бастығы Асқат Аймағамбетов айтты.
Білім беру саласында жоспарланған жаңа жобаларға тоқталған А.Аймағамбетов басшылардың біліктілігін көтеру көзделіп отырғанын атап өтті. Атап айтқанда, Қарағандының мектеп директорлары бюджет қаржысы есебінен шетелге тәжірибе алмасуға баратын болады.
«Шындығында, көп естіп, оқығаннан, бәрін өз көзімен көру әлдеқайда артық. Сондықтан, мектеп директорлары жұмыс нәтижелі болуы үшін әріптестерінің тәжірибесін үйренуі, білуі қажет. Біз сіздерді бұл мәселеде қолдаймыз. Еліміздің, жақын және алыс шетелдердің үздік мектептеріне тәжірибе алмасуға жіберу бағдарламасын бір айдың ішінде жасауды тапсырамын. Сонымен бірге, педагогтарды аттестациядан өткізудің жүйесін қайта қараңыздар. Бізге электронды үлгіде рәсімдеуге көшу қажет», - деді ұсынысты қолдаған Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.
Конференцияда аймақ басшысы қоғамдағы ұстаздың рөлі мен маңызын баса айтты.
«Мен өзім педагогтар отбасында өскендіктен, мұғалімнің еңбегіне зор құрметпен қараймын. Педагог болу - жауапкершілікті, күрделі әрі құрметті іс. Мұғалім адамның қалыптасуына және оның тағдырына ықпал етеді. Уинстона Черчиллдің «Мектеп мұғалімдері премьер-министр армандайтындай билікке ие» деген сөзі тегін емес. Елбасының білімге, бәсекеге қабілеттілікке және ұлтымыздың болашағын тәрбиелеуде алға қойған тапсырмасын орындау тікелей Сіздердің еңбектеріңізге байланысты», - деді ол.
Іс-шара үздік педагогтарға ҚР Білім және ғылым министрлігі мен облыс әкімінің марапаттауларын тапсырумен аяқталды. Ал жас мамандарға ноутбуктер сыйға берілді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі