Өлең, жыр, ақындар

Алматының мұғалімдеріне ата-аналардан ақша жинамау ескертілді

Бүгін Алматыда өтіп жатқан дәстүрлі тамыз кеңесінде қалалық Білім беру басқармасының басшысы Рахат Шимашева ата-аналардан ақша жинамауды ескертті.

Басқарма осындай  мәтіндегі хатты жыл сайын барлық мектептерге жібереді.

«Құрметті, әріптестер. Қайталап айтамын. Сіздерге ақша жинауға ешқандай негіз жоқ. Егер, мұндай ақпарат пайда болса, шара қолданамыз», - деді Р. Шимашева.

Оның айтуынша, мектептер керісінше, ата-аналарға мектепке бөлінген бюджеттік қаржының қайда, қалай жұмсалып жатқаны туралы есеп беруі тиіс.

«Әкімнің тапсыруымен бірінші басшылар мектеп бюджетінің кірісі мен шығысы туралы есеп беруі керек. Соңғы үш жылда сенім телефонын ашқалы бері мектептердегі ақша жинау туралы шағымдар 3 есеге азайды», - деді ол.

Қала әкімі Бауыржан Байбек өзінің баяндамасында биыл білім беру саласына қанша қаржы бөлінгенін айтып өтті.

«Биыл білім беру саласына жаңа нысандардың құрылысын қоспағанда 63,4 млрд теңге қарастырылған. Ал жаңа нысан құрылысын қоса алғанда жалпы 86 млрд теңге жұмсалды. Бұл жалпы қала бюджетінің 1/5 бөлігіне парапар. Мектептерді жабдықтауға - 1,4 млрд теңге, жаңа мазмұндағы оқулықтарды алуға - 2 млрд теңге, 28 мектепті сейсмикалық тұрғыдан күшейтуге 23 млрд теңге бағытталған», - деді әкім.

Сонымен қатар, әкім қалада мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында 175 балабақша ғимараты салынып, 57 нысан пайдалануға берілгенін айтты. 

Осының арқасында қала бюджетінен 14 млрд теңге үнемделген. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Фарида

Мектеп басталмай жатып жинапжатыргой акша дегенди.гулге перде фондка деп жыл сонгында ремонт диди бирак тукте ремонт жасалынбайды.бала окыту катты киын.жиналыс болса акша акша

Елдос

Ақша беріп жұмысқа тұрғаннан кейін ақша, ақша - демей қайтсін енді, құйғанын өндіру керек қой :-)

Ерқожа

Мектеп бизнеске айналғаны өкінішті, Отто фон Бисмарктың "Мектепкетен үнемдегендер, түрме салуға мəжбүр болады." деген сөзі есіме түсіп кетті. Кәзірдің өзінде мектеп, университеттер жемқорлықтың ошағына айналған. Пара алу-беру, өзінің орнын пайдаланып ақша жинау - қылмыс. Бұл бүкіл қоғамға қауіпті қылмыс. Директорлардың, завучтардың, мұғалімдердің басым бөлігі қылмыскер былайша айтқанда. Болашақ ұрпақты қылмыскерлер оқытып жатыр. Ондай жерден қандай адамдар шығу керек?


P.S: Пара – белгілі бір мәселе тиімді шешілу үшін лауазымды адамға берілген ақша, бағалы қағаз, басқа да мүлік немесе мүліктік құқық. ҚР қылмыстық заңы бойынша Пара алу, беру және парақорлыққа делдал болу (ҚР Қылмыстық кодексінің 311, 312, 313-баптары) мемлекеттiк қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар қатарына жатады.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар