Жаздық демалыстан кейін мектеппен қауышуға дайындық көбіне қиынға соғады. Әсіресе 1-сыныпқа баратын балалар үшін әлдеқайда қиынырақ. Өмірдің жаңа қадамына аяқ басуға, сыныптастарына және де сабақтағы парталастарына үйренісуге тура келеді.
Bilim-all.kz жазғы демалыстан кейін оқушыларды мектепке дайындауға көмекші құрал ретіндегі ұтымды тәсілдерді ұсынады.
1. Балаңызды тек баға үшін оқуға үйретпеңіз
Ата‑аналар балаларын: мектепке барғанда тек бестік бағамен оқуың керек деп айтумен қателік жасайды. Қағаз жүзіндегі баға мектепке неліктен бару қажеттілігін көрсететін айғақ емес. Әр нәрсені білгісі келетін ізденімпаз ақыл иесі үшін білімнің маңыздылығы неғұрлым қызықтырақ. Балаға оның қаншалықты нәреселерді білетінін айтып беріңіз. Жаңалықтармен бөлісіңіз, жорамалдар құрыңыз, балаңыздың әлемнің қалай құрылғаны жөніндегі дүниетанымына деген болжамын құрметпен қабылдаңыз. Оны мазалайтын әрбір сұрақтың жауабын мектеп пәндерінен таба алатындығын айтыңыз.
«Адам қандай да бір қателік жасамайынша немесе өзі қалаған нәтижеге қол жеткізуде өзінің әрекетін өзгертпейінше одан сабақ алмайды. Қателік жасай білген адам, көбірек сабақ алып үйренеді. Қателіктің бағасын мойындамау, көп нәрсені білуге кедергі келтіреді. Егер жіберілген қателіктеріңізге дұрыс мән берсеңіз, ол сіздің жетістікке жетуіңізге көмектеседі».
Даниэле Новара, психолог.
2. Жеңіл болады деп күтпеңіз, қиындықтарға жол бермеңіз
Оқушыларды алда көптеген қызықтар күтіп тұрады, дегенмен оқу үдерісі көбірек күш жұмсауды талап етеді. Өз өзін жинақтай білу, басқа нәрсеге көңілін аудармай, тұрақты кейіп таныту, қатаң тәртіпке бойұсыну, бейтаныс балалармен байланысын түзеу – осының бәрі балаға оның жаңа қол сөмкесімен берілмейтін дүние. Балаға осының бәрін үйреніп кетуіне уақыт қажет екендігіне түсіністік танытыңыз.
Сабақ үстінде ойын ойнау баланың тезірек бейімделуіне көмектеседі. Баланың күнделікті қажетті нәрселерімен, мысалы оқу, қию, жұмыс дәптеріне тапсырмаларды орындау сияқты бірқатар басқа да нәрселерді зейін қойып айналысуын ережеге айналдырыңыз. Ең абзалы, сіз балаңызбен оның оқу барысында жанында бірге отырып, өз жұмыстарыңызбен айналыссаңыз, балаңыз сізден үлгі алып үйренеді.
3. Мектепке бірге дайындалыңыз
Балаңыз сіздің құптауыңызбен қажетті заттарды, яғни дәптерін, қаламсауытын, сөмкесін өз қалауынша таңдағаны жөн. Балаңыз күнделікті сабақ оқитын орнын өзі жайғастырып, жинақы ұстағаны дұрыс. Мектепке дайындық үдерісіне қатыса отырып, балаңыз дайындықтың аса маңыздылығын әрі бұл нәрселер тікелей өзіне қатысты екенін ұғына түседі.
«Қарапайым ереже: сіз алдымен балаңызбен қандай да бір нәрсемен бірге отырып айналысасыз да, кейін бұл нәрселермен ол өз бетімен айналысатын болады, ал сіз оған сенім арта отырып, ынталандырып, әрі қажетті жағдайларда ғана көмектесесіз. Осылайша, ақырында мұның бәрімен ол өз бетімен айналысады да, ал сіз оны мақтан тұтатын боласыз».
Анна Быкова, балалар және отбасы психологі.
4. Өз ойын білдіре алуға мүмкіндік беріңіз
Бірсарынды оқу күндері, бірыңғай мектеп формасы, жалпы сабақтардың ішінде топтың бір бөлшегі ретінде әрекет етуші бала үшін жаңа тәртіпке бейімделу оңай емес. Осы жағдайда: түрлі түсті қарындаштар, балық тәріздес қаламсауыт, кекс пішінді өшіргіш, мұқабасында мысықтың суреті бейнеленген қойын дәптері сияқты баланың көңілін аударатын ұсақ-түйек заттар көмекке келеді. Мектеп құралдарының арасында дәл сіздің балаңызға арналған ерекше құралдар міндетті түрде табылады. Оның ерекшеліктері жалпы қалыптасқан шектеулерден шығып, берілген тапсырмаға ерекше мән беріп қарауы, мектепте кездесетін бірқатар мәселелерді жеңуіне көмектеседі.
«Бір бала өзіне мынадай ойын ойлап тапты: «Мен есепті шығару кезінде сандарды – сарбаздар деп елестетемін. Ал мен болсам – қолбасшымын. Ал оның жауаптары – мен жаулап алуым керек болған қамал. Егер мен қиындыққа тап болсам, қайтадан қираған әскерді жинақтап, күрестің жаңа жоспарын құрамын да, шабуыл жасауға кірісемін. Мен жатқа айтуым керек болған өлең жолдары ол – аэропландар. Егер мен өлеңді қатесіз жаттайтын болсам, онда мен 3 км биіктікті бағындырамын. Мен жазу жазатын кезде – жүргізушімін, көшіріп жазылған әріптер мен сөздер – жүрілген жол».
Януш Корчак, педагог, тәрбиеші, балалар психологиясы кітабының авторы.
5. Сабақ оқитын орынды ыңғайлаңыз
Үйде баланың ыңғайлы үстелі мен орындығы, қолжетімді кітап сөресі және де қажетті заттарды салуға арналған шкафы болуы тиіс. Сабақ оқитын орын жарық әрі жинақы болғаны жөн: қабырғаларды әдемі постерлермен әрлеумен қатар мектеп құралдары жиынтығыңызды бірге таңдаңыздар, сүйікті кітаптарын неғұрлым көзге оңай көрінетін жерге жайғастырыңыз. Сондай‑ақ, балаңыздың ол жерде сабағын оқумен ғана айналысып қоймай, өзінің сүйікті ісімен шұғылдануына да көңіл бөліңіз.
6. Балаңызды мектеппен алдын ала таныстырыңыз
Бүгінде көптеген балалар мектепке барардың алдында болашақ ұстаздары жүргізетін арнайы дайындық курстарында бейімделеді. Бірақ сіз мұндай курстарға қатыспасаңыз да, балаңызды мектепке апарыңыз. Жаңа орындармен танысып, мектептің киім ілгіш бөлмесі мен асханасын іздеп, сынып бөлмелерін аралап, партада отырыңыздар. Келешектегі өзгерістерге, яғни балаңыздың қалай ересек әрі өз бетімен жұмыс жасай алатын тұлға болып қалыптасатынына жарқын қуана білуді ұмытпаңыз.
«Ерекше орындарда ұлдар мен қыздарда бағдар алу стратегиясының айрмашылығы білінеді. Ұл балалар көбіне шыдамсыз болып келеді және де әлемнің шетсіздігін сезінумен өмір сүреді. Белгісіздік оларға аса қорқынышты емес, керісінше оң жұмылдыруға жетелейді. Ал, қыз балалар болса, өз айналасында болып жатқан нәрселерді түгелімен есінде жақсы сақтайды, дегенмен олардың жадында объективті емес суреттер, яғни қалай және қандай әсер алғандығы сақталады».
Ольга Маховская, балалар психологы.
7. Балаңыздың көмекшісі әрі досы бола біліңіз
Балаңызды мектепке дайындау барысында оған баға беру жұмысымен айналыспаңыз, оған мұғалімінің беретін бағасы жеткілікті. Онымен бірге болыңыз, алдағы уақытта күтілетін нәрселермен бөлісіңіз, қорқыныштан арылтыңыз және осы жағдайларға қажетінше ат салысыңыз. Оған өзіңіздің де бір кездері мектепте оқығаныңызды көрсетіңіз, сезімімен бөлісіңіз, кез келген жағдайда болмасын оған қол ұшын созуға дайын екеніңізді білдіріңіз. Психолог мамандардың кеңесін басшылыққа алыңыз, бірақ өз балаңызға не қажет екендігіңізді ұмытпаңыз. Балаңызға жақсылап көңіл аударуыңыз да жеткілікті.
Дереккөз: mel.fm
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі