Астанада математика пәні бойынша мектеп оқушылары арасында өткен «Алтын сақа» олимпиадасы өз мәресіне жетті.
«Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы және «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырып отырған олимпиадаға Астана қаласының 40 мектебінен 1500-га тарта оқушылары қатысты.
Республикалық физика-математика мектебінің жоғары санатты мұғалімі, «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының директоры Мәуіт Ырысбектің айтуынша, бәсекеде топ жарып, жеңімпаз атанған оқушыларға ақшалай жүлделер табысталады.
«Биыл «Алтын сақа» олимпиадасын екінші рет ұйымдастырып отырмыз. Басты мақсатымыз оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттырып, халқаралық олимпиадаларға дайындалу. Білім сайысының басты ерекшелігі «Жүздік бақылау және жүз балдық бағалау жүйесі» бойынша өтуі. Бұл жүйе шетелдерде кеңінен қолданылады. Ол оқушыға талдау жасау үшін көп мүмкіндіктер тудырып, білім алушылардың нақты білім деңгейін айқындап береді», - деп атап өтті Мәуіт Ырысбек.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша, жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегерлері анықталып, жеңімпаздарға және үздік мектеп ұжымына бағалы сыйлықтар табысталады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі