Ертіс ауданында 200-ге жуық оқушы латын графикасында диктант жазды

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / Ертіс ауданында 200-ге жуық оқушы латын графикасында диктант жазды

Ертіс ауданында 200-ге жуық оқушы латын графикасында диктант жазды — Білім, ғылым, мәдениет тақырыбындағы материал. Мұнда тақырыпқа қатысты негізгі мазмұн, түсіндірмелер және пайдалы деректер берілген.

Павлодар облысы Ертіс ауданында «Оқушылардың есімдері мен тектерін латын графикасында жазу» акциясы аясында 5-6 сыныпта оқитын 200-ге жуық оқушы латын графикасында сөздік диктант жазды.  

Бұл туралы аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Нұргүл Сұлтанова айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Балаларға латын графикасының екі нұсқасы да ұсынылды", - дейді Нұргүл Сұлтанова. - Яғни, 25 және 32 әріптен тұратын әліпби бойынша   жеңіл сөздер таңдалып алынды. Оған ұстаздар қауымы да белсенді қатысты. Акция барысында мұғалімдер мен оқушылар аты-жөндерін жазып, инстаграм және фейсбук әлеуметтік желісінде арнайы LatynGrafikaErtis хэштегімен белгіледі. Диктанттың қорытындысы бойынша баға қойылмады. Олар өзара пікір алмасу және өз қателерін түзету бойынша бір-бірімен жұмыс істеді".  

Диктант жазудан басқа, аудан мектептерінде қазақ тілін латын графикасына көшіру туралы мәселені талқылау және қолдау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес «Жаңа әліпби» көрмесі, «Латын әліпбиімен танысу» сынып сағаттары өткізілген.

Айта кетерлігі, Ертіс ауданында 2600-ден астам бала білім алатын 26 мектеп бар.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Білім, ғылым, мәдениет бойынша басқа мақалалар Павлодар облысы бойынша мақалалар Латын әліпбиі бойынша мақалалар Білім бойынша мақалалар