Жамбыл облысының Шу ауданында орта мектеп директоры қызметін асыра пайдаланғаны үшін 1 жылға бас бостандығынан айырылды, деп аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.
Шу аудандық соты білім ордасының басшысы С.Л.-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы («Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану») 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғаған.
Іс материалдарына қарағанда, аудандық орта мектептің директоры С.Л. қол астындағы қызметкерлерге 2017 жылдың қаңтар айында мемлекеттік аттестацияны өткізу үшін мектепке Жамбыл облысы білім саласын бақылау департаментінен комиссия келетінін айтқан.
Сонымен қатар С.Л. аттестаттаудан сүрінбей өту үшін әрбір педагогтан 30 мың теңге, техникалық қызметкерлерден 9 мың теңгеден ақша жинауды талап еткен. Бұл әрекетімен ол жәбірленушілерге жалпы 270 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген.
Мектеп басшысы сот отырысында өз кінәсін мойындамады. Соттың үкімімен С.Л. айыпты деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Мақпал
Сол керек!
Әйгүл
Сауатсыз және ары жоқ мүғалім, директор, полиция, дәрігерлерді жұмысарынан босату керек. Еліміз сауатсыздар және арсыздардан құралған! Басым бөлігі қазақ тілділер. Осындайлар бар кезде қазақты ешкім құрметтемейді, тілін де үйренбейді. Егер біз сапалы болсақ, сауатты болсақ, білімді болсақ, өзімізді құрметтесек, адамгершілігіміз көбейсе сонда өзгеріс болады.
Камила
Мектептен емес жоғарғы жақтан бастау керек соттауды!!!! Халықты тонап жатыр емес пе?!!!