Жаңа әліпбиді білім жүйесіне енгізу тыңғылықты түрде пысықталып жүргізіледі

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / Жаңа әліпбиді білім жүйесіне енгізу тыңғылықты түрде пысықталып жүргізіледі

Жаңа әліпбиді білім жүйесіне енгізу тыңғылықты түрде пысықталып жүргізіледі — Білім, ғылым, мәдениет тақырыбындағы материал. Мұнда тақырыпқа қатысты негізгі мазмұн, түсіндірмелер және пайдалы деректер берілген.

Білім жүйесіне латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиін енгізудің әр кезеңі тыңғылықты пысықталады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.

«Өздеріңіз білесіздер, бүгінде ғалымдар жұмыстарын жалғастырып жатыр. Осы орайда емле-ереже керек, бізге грамматиканы жазып, қажетті сөздіктерді шығару керек, сондай-ақ терминологияны пысықтау қажет. Жалпы, белгіленген ауқымды жұмыс жүзеге асырылғаннан кейін, біз апробация процесін бастаймыз», - деп түсіндірді Е. Сағадиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Осы орайда министр латын қарпіне көшу үдерісі іріктелген мектептерде, студенттік ортада жүргізілетінін атап өтті. Тек осындай тыңғылықты пысықталған шаралардан кейін ғана бірінші сыныпқа дейінгі және бірінші сынып ұстаздарын даярлау басталады.

«Барлық қажетті деген жұмыстар ескерілгеннен кейін ғана латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиін білім беру жүйесіне, мектептерде әрі университеттерде енгізудің кестесін талқылаймыз», - деп нақтылады министр.

Оның айтуынша, осы үлкен жұмыстың әрбір кезеңін ведомство мұғалімдермен, мектеп директорларымен, университет педагогтарымен, сарапшылармен талқылап, сәйкесінше ұсыныстар республикалық комиссияға жолданады.

«Бүгінде студенттік ортада, журналистер арасында еріктілердің кең шоғыры пайда болғанын байқап отырмыз, сондықтан апробация бұқаралық сипатқа ие болады деп ойлаймын»,-деді Е. Сағадиев.

ҚазАқпарат



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Білім, ғылым, мәдениет бойынша басқа мақалалар ҚР Білім және ғылым министрлігі бойынша мақалалар Латын әліпбиі бойынша мақалалар Білім жүйесі бойынша мақалалар Білім бойынша мақалалар