Өлең, жыр, ақындар

Ағылшынша оқытатын мұғалімдердің қосымша төлемдері көбейтіледі

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ұстаздарды даярлау мен оларға арналған қосымша төлемдерге бөлінетін қаржы жыл сайын артатынын мәлімдеді.

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Сергей Ершов Білім және ғылым министрінен орта білім беру мемлекеттік ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыруға қарастырылған бюджет шығыстары жайында сұрады.

«Оның ішінде бірқатар пәндер бойынша үш тілде оқыту тұрғысында 6,9 млрд теңге ескерілген. Мұғалімдер тиісті тілдік дайындықтан өткеннен кейін, информатика, физика, химия, билогия пәндері бойынша ағылшын тілінде оқытуды қамтамасыз етуі тиіс. Яғни, тілдік курстардан өткеннен соң ұстаздар пәндерді ағылшын тілінде оқытуда осы тілді тиісті деңгейде меңгеруге қауқарлы бола ма?», - деп сұрады С. Ершов.

Оның сөзіне қарағанда, ҚР БҒМ биыл 1 қыркүйектен бастап ағылшын тілінде физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын ұстаздарға базалық қызметтік еңбекақысына қосымша төлем бекітілетінін хабарлады.

«2017 жылы бұл мақсаттарға 864 млн теңге бөлінді. Алайда бюджетті нақтылау кезінде осы сомадан 728 млн теңге немесе бөлінген көлемнен 84 пайызы қысқартылды. 2018 жылы осы үстеме ақыға 2,3 млрд теңге жоспарланған. Бірақ та мұғалімдер үшін қысқа мерзімдегі курстарына қаржы бағыттау тиімсіз болуы мүмкін, себебі осы бағытта соңғы нәтижеге жету қиындау. Бұл тұрғыда қаржыны бастапқыдан ағылшын тіліне оқытуға негізделген жоғары оқу орындарында педагогтарды даярлауға салған дұрыс болар. Сонда төрт жылдан кейін біз ағылшын тілінде пән жүргізе алатын мұғалімдерге қол жеткіземіз»,- деді сенатор.

Өз кезегінде министр Ерлан Сағадиев бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мемлекет үшін тың қадамдар екенін еске салып өтті.

«Биыл үлкен экспериментті бастап кеттік, оның ішінде мұғалімдерді даярлау мен ағылшын тілінде оқытуға ауысу шаралары ескерілген. Алдағы жылы мәліметтерге сүйене отырып, ұстаздарды даярлау кестесіне тиісті түзетулерді енгіземіз. Атап айтқанда, бұл жұмыстар алдымен талқылаудан өтетін болады», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, биыл 1 500 мұғалім ағылшын тілінде оқытуды бастады.

«Ұстаздарды даярлықтан өткізуге тоқталсақ, шынында курстар қысқа мерзімді емес, мұғалім B2 деңгейіне дейін жетуі тиіс. Егер де қысқа мерзімді курстар оған 1-ші деңгейлен өтуге мүмкіндік берсе, онда ол келесі кезеңге баруы керек. Бұл тұрғыда мұғалім де ағылшын тілінде пән жүргізуге және оның үстіне тиісті үстемеақыға рұқсаты болуы үшін қажетті деңгейге жетуі керек», - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар Сағадиев ұстаздарды даярлау мен оларға арналған қосымша төлемдерге бөлінетін қаржы жыл сайын артатынын атап өтті.

«Бұл бағытта тиісті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Жалпы, бүгінде байқалған нәтижелер оң көрсеткішке жетті», - деп түйіндеді сөзін министр.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Айнұр????????

Нашар маған ұнамады

Кенжекул

Өте жақсы . Жіберілген қатемен жұмыс жүргізуге толығымен иүикіндік бар . Рахмет .

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар