Өлең, жыр, ақындар

Кітап – білім бұлағы

Қызылорда қаласы
№101 Ә.Мүсілімұлы атындағы мектеп-лицейдің
3 «А» сынып оқушысы: Дәуренбек Гүлназ                                       

 

Кітап - алтын қазына. Мен кітап оқығанды өте жақсы көремін. Әсіресе өзім сияқты оқушы балалар жайлы жазылған қызықты әңгімелерді сүйсіне оқимын. Менің сыныбымның барлық оқушылары қаламыздағы Ә.Тәжібаев атындағы кітапханаға барып, өздеріне ұнаған кітаптарды алып оқиды. Сынып жетекшіміз Индира Кеңесқызы бізге «Оқырман күнделігі» деген шағын кітапша таратып береді. Ал біз оқыған кітаптарымызды сол күнделікке түсіріп отырамыз. Оқырман күнделігін апаймыздан алғанша асығамыз. Себебі ол жерде қызықты сұрақтар бар, сурет салу бар.

Кітапты көп оқыған оқушының сөйлеуі де өзгереді. Ойын анық жеткізіп, көркем сөйлей бастайды.  Жақында біз барлық сынып оқушыларымен қаламыздағы үлкен кітапханаға бармақшымыз. Кітапханамен толық танысып, тұрақты оқырмандары боламыз. Кітап – даналықтың бастауы деп айтар едім.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Хиуаз

Кітап оқыған өте пайдалы. Қазіргі жағдайда керек ақпарат табу үшін аудио, видео, ғаламтор сияқты жеңіл жолдар табылып тұрғанда кітап оқуға деген құштарлық азайып бара жатыр

КАНИБЕК АҚНИЕТ

Кітап оқу барлық ұл-қызға ұнайды деп ойлаймын.Себебі кітап қазына.Барлық адам кітап оқуы тиіс.Өйткені білім бізге болашақта керек болады.Ал кітап дәл алдымызда тұр.Біз қолданып жүрген телефонда да кітапханада да кітап жеткілікті.Сондықтанда балалар оқудан еш жалықпаңдар.
Пайда ойлама,ар ойла
Талап қыл артық білуге
Артық ғылым -кітапта
Ерінбей оқып көруге
(Абай Құнанбаев)

АҚНИЕТ ҚАНИБЕК

Кітап-адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы.Білімнің биік белестеріне жетелейтін де кітап. Ал дана халқымыз "Кітап-қазына",-деген. Кітап оқыған адамның ақыл-ойы,білім-парасаты кітап оқымаған адамға қарағанда әлдеқайда жоғары балады.Ал бүгінде кітап оқу үшін бар жағдай жасалған. Кітапханаға бармай-ақ,ғаламтордан оқу мүмкіндігі жетерлік. Тек кітап оқуға деген ықылас балса болғаны. Балалар кітап оқиық білім алайық

Аяулым Қалдыбек

Қазіргі кезде окушылар галамтор желысынде отырады нелыктен.Ойткены инстаграм вконтактеден лайк жинайды қазіргі , кезде кытап окуга бар жагдай жасалған. Бұрынғы кезде кытапхана атымен жок еды , ал казыр кез келген жерде кытапхана бар.Кытап -ең асыл казына, кытапты багалай былейык.
Кітап- ең сабырлы ұстаз деген Н.Назарбаев.Сол үшін кітаптың қадірін білейік

Аяулым Қалдыбек

Кітап окиык достар

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз