Павлодар оқушылар мен студенттерге қоғамдық көліктерде тегін тасымалдайтын жеңілдік жасаған еліміздегі алғашқы қала атануы мүмкін, деп pavlodarnews.kz хабарлайды.
Бұл туралы қалалық мәслихат комиссиясы мүшелерінің отырысында ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Марат Асылбеков мәлім етті. «Мұндай жеңілдікке төменгі сынып оқушыларынан бастап жоғарғы оқу орындарының студенттері ие бола алады. Ол үшін жылына 998 миллион теңге керек. Бұл ақшаны біз еш жерден сұрамаймыз. Барлық шығынды тасымалдаушылар өз мойындарына алады. Олармен ортақ меморандум жасалған, қазір осы жағдайды қарастыратын боламыз», - деді Марат Асылбеков.
Еске салайық, Павлодарда комиссия отырысында жергілікті тасымалдаушылар жол ақысын көтеру туралы ұсыныс білдірген болатын. Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің хабарлауынша, бүгінгі таңда АИ-92 жанармайының бір литрі -161,5 теңге, ал, дизель отыны - 174,5 теңге. Осыған байланысты ТҮКШ бөлімі 1-желтоқсаннан бастап Павлодарда жолақысын 70-тен 80 теңгеге көтеру туралы ұсынысын білдірді. Бұл - тасымалдаушылардың қалалық депутаттарға жолдаған екінші өтініші. Бірінші рет бұл мәселе шілде айында көтерілген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі