Өлең, жыр, ақындар

Менің таңдаған мамандығым

Экономика және құқық факультетінің «Құқықтану» мамандығының
Ю-101 топ студенті  Қоблан Аққу Ғафурқызы
Ғылыми жетекшісі: Экономика және құқық факультетінің
«Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы
Мұрсалова Ләззат Аманғалиқызы

 

Қазақта "Қазың әділ болмаса, халық бұзылады, Саудаң әділ болмаса, нарық бұзылады" деген аталы сөз бар. Бұл дегенің - қай ғасырдағы қоғамда болсын, әділдік жеңіспен пара-пар деген сөз.

Мен бала кезімнен, ата-анамнан туыстардан, жалпы үлкендерден "өз құқығын білмеу, өз құқығын қорғай алмау" туралы көп еститінмін. Сондағы түйгенім: қолданыстағы заңды дұрыс білмеу салдарынан өз құқығын қорғай алмай, әрібір екінші Қазақстандық азаматтың құқығы табанға тапталып жатады. Ал мұндай мәселе зайырлы, демократиялық мемлекетте орын алмауы керек.

Ал екіншіден, бұл мамандыққа көңілім ауғаны: туған нағашы ағам сот сарапшысы болып қызымет істесе, әкемнің інілеріде Темір аудандық ішкі істер аясында беделді қызыметкерлер.

Заңгер мамандығын таңдауымның таңы бір себебі - осы жақындарымның заң, құқық жағында адал да, әділ қызмет жасауы да әсер еткен сияқты.

Әділдік турашылдық - қай қоғамда адам баласына берілген, ғажайып қасиет. Адамзаттың ең абзалы, Аллаһтың елшісі Мұхаммед  пайғамбарымыз 385- хадисінде "Жер бетіндегі адамдар арасындағы тәртіп орнату үшін заңды қолдану - шөлге жауған жаңбырдай қайырлы", - десе, Ұлы жүздің биі Төлеби:

"Қолыңда болса бір билік,

Қарғаға залым болмаңыз.

Алдыңа келсе бітпес дау,

Әділін айтып қорғаңыз ",-деген екен.

Ал 15 ғасырдың орта шенінде Қасым хан тұсында, тарихта алғаш рет құқықтар ғұрыптар жүйеге келтірілді. Сол кездегі "Қасым ханның қасқа жолы" атты 5 бөлімнен тұратын заңнамасы бізге дейін жетіп отырса, "Есім ханның ескі жолы" атты иелеген Есім хан, әскери заңды күшейтті.

Қазақтың заңына үшінші  рет елеулі өзгерістер енгізген "Күл төбенің басында, күнде жиын өткізген" Тәуке ханның жеті жарғысын" ұмытуға болама?

Осындай тарихтағы танымал тұлғалардың киелі істері мен дуалы сөздері - ұрапақтан - ұрпаққа жетіп отыр.

Мен, заңгер мамандығын жан жүрегіммен қаладым. Әрине, "Еңбексіз- зинет жоқ" дегенде бұл мамандықты "терең оқымай, маңдай терлетпей"- игерем деу ойсыздық дер едім.

Сол себепті "Әділдік бар жерде - заңсыздық байқап жүреді, әділетсізлік бар жерде - заңсыздық шайқап жүретін″ заманда, "Қара қылды қақ жарған" әділ де, турашыл заңгер болу менің асқақ арманым!

Ақын емеспін, бірақ жүрегімнен шыққан бір шумақпен шығармамды аяқтағым келеді.

"Парақорлық, лаңкестік жойылса екен,

Заң күші бір жүйеге қойылса екен .

"Бармақ басты, көз - қыстының " заманы өтті,

Қазағым әділдікке тойынса екен.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз