Өлең, жыр, ақындар

«Қаржы әлеміне саяхат» жобасы

Бүгінгі таңда қаржы сауаттылығын арттыру өзекті мәселеге жатады. Ақша және жеке жинақ қаражаты мен шығындарды басқару құралдарын білу түрлі қаржы айла-шарғыларынан қорғауға және қаржы үшін жеке жауапкершілікті арттыруға көмектеседі.

Қаржы сауаттылығын үйрену ешқашан кеш емес. Бұған қоса егер біз балаларымыздың қаржылай жауапты және қаржылай еркін болғанын қаласақ, қаржы сауаттылығын ерте жастан бастап үйретуіміз керек. Неғұрлым бала ақшамен жұмыс істеуді және оны басқаруды ерте үйренсе, соғұрлым болашақта қаржы жағдайы тұрақты болмақ.

Қаржы сауаттылығы баланың ересек өмірге енуі үшін ең маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Өкінішке орай, біздің мемлекетімізде бұл тақырып аз зерттелген. «Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы бұйрығына бұйрық шығарғанына қарамастан бұл пән мектептерде әлі күнге дейін оқытылмайды.

2014 жылы Банк Хоум Кредит түрлі жас топтарына, оның ішінде кіші, орта және жоғары сынып оқушыларына бағытталған қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі ауқымды бағдарламаны ұсынды. Бағдарлама халықтың экономикалық және әлеуметтік сауаттылығын арттыруға, қарызға түсу қаупін төмендетуге, тұрақты қаражат көздерін дамытуға және жалпы экономикалық әл-ауқатты арттыруға бағытталған. Осылайша, Қазақстанның 18 өңіріндегі Банктің барлық бөлімшелерінде қаржылық сауаттылық бойынша тегін семинарлар мен ашық күндер ұйымдастырылады және мұндай іс-шаралар барысында банк басшылығы халыққа кеңес береді және мастер-кластар ұйымдастырады.

Аталған бағдарлама бірнеше бағыттарды қамтиды, олардың бірі кіші және орта мектеп оқушыларына арналған «Қаражат әлеміне саяхат» жобасы.

«Қаржы әлеміне саяхат» жобасы алғаш рет 2015 жылы Алматының 8 мектебінің базасында іске қосылды. Бұл мектептерде мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген арнайы бағдарлама негізінде факультативтік семинар сабақтар өткізілді. Семинарда балалар қаржы және кәсіпкерлік саласындағы негізгі түсініктермен танысты, отбасылық бюджет, қаржылық жоспар, кірістер, міндетті және ерікті шығындар, ақшаны үнемдеу және көбейту, қаржылық мақсаттарды белгілеу және оларға қол жеткізу сияқты ұғымдарды үйренді. Егер қатысушылардың арасында оқыту басталғанға дейін өткізілген тест нәтижелері бойынша балалардың тек 85%-ы ғана сұрақтардың жартысына жауап берсе, семинар аяқталғаннан кейін тестті 100%-ға жауап берген балалардың үлесі 95%-ды құраған.

Семинарларда жаттықтырушылар ретінде кәсіби, сертификатталған, тәжірибелі оқытушылар қатысады.Олар оқу материалын көңілді және қол жетімді түрде таныстыра алды. Практикалық психолог, кішкентай балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеуге арналған бағдарламалардың авторы, қаржылық сауаттылық бойынша семинардың жетекшісі О. Никонова Жоба туралы келесідей пікір білдірді:

«Дұрыс қаржылық дағдыларды неғұрлым  жетілдіретін болсақ, біздің қаржылық жағдайымыз соғұрлым жақсы болары құпия емес.  Ал бұл әдеттерді қалыптастыру мен дамытуды бала кезден бастаған дұрыс. Мен бұл жобаны шын жүректен қолдаймын және уақыт өте мектептің оқу бағдарламасынының бөлігіне айналады немесе қосымша пән ретінде қол жетімді болады дегенге сенемін».

Бұл бастаманы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қолдап, жоғары бағалады. Банкпен бірлесіп қаржылық сауаттылыққа арналған тұңғыш мектеп олимпиадасын ұйымдастырды.

Бүгінгі таңда осы жобаның аясында республиканың 18 қаласында көптеген білім беру іс-шаралары, білім беру ойындары, қызықты квесттер, танымдық видео-бейнелер, онлайн сауалнамалар, қаржылық сауаттылық деңгейін анықтауға арналған тесттер өткізіледі. Банк қалалық және республикалық іс-шараларға қатысады, сондай-ақ түрлі ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізеді...  бұл жоба аясында еліміздің жастары үшін жасаған жұмысының аз ғана бөлігі.

Сонымен қатар Банк Хоум Кредит ерте жастан қаржылық сауаттылыққа үйретудің маңыздылығын насихаттайтын Global Money Week халықаралық қозғалысын белсенді түрде жыл сайын қолдайтын екінші деңгейлі жалғыз банк болып саналады. Осы ынтымақтастық аясында Банк Қазақстанның барлық аймақтарында бесінші рет GMW-2018 өткізеді. Сонымен бірге алдын Global Money Week қатысушылары семинарларға Банктің шақыруымен қатысқан болса,  енді жыл сайын қатысуға деген қызығушылық білім беру мекемелерінің тараптарынан болып отыр. Бұл Банктің бағдарламасының мазмұны мен әдістемесі директорлар мен мұғалімдер тарапынан жоғары бағалануда дегенді білдіреді. Соңғы жылдары Қаражат әлеміне саяхат бағдарламасына 10 000 мыңнан астам адам қатысты.

Бүгінгі таңда Банк жауапты кредиттеу және қаржы сауаттылығы бойынша мойындалған сарапшы болып табылады. Банкті «Қаржылық лекторийі», «22+ кредиттер», «ISEED - әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» сияқты ұлттық жобаларға серіктес түрінде қатысуға шақыру алып, студенттер мен оқушыларға арналған бірқатар іс-шараларды өткізді. Банк сондай-ақ елдегі қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған жол картасын әзірлеумен айналысатын Қазақстан Қаржыгерлер Қауымдастығының жұмыс тобының құрамына кіреді.

Жауапты кредиттеуге және қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған іс-шаралар халыққа оң әсер ететіні сөзсіз, ал бұл мәселелер бүгінгі таңда өзектілігі мен маңыздылығын жоғалтпайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Шынар

Дұрыс, өзін-өзі тану сияқты қажетсіз пәндерден гөрі мектепте қаржы сауаттылығы, экономика оқытылу керек, бұрыннан айтып келемін

Аноним

Игі іс

Темірлан

Шынар, рахмет! Сіздің пікіріңізге ризамыз.
Банк Хоум Кредиттін негізгі әлеуметтік бағыттардың бірі қаржылық сауаттылықты артыру болып табылады.
Егер біздің іс-шараларымыз жайлы ылғида білгініз келсе біздің әлеуметтік парақшаралымызға қосылыңыз
https://www.facebook.com/homecreditkz/ 
https://vk.com/homecreditbank_kz 
https://www.instagram.com/homecredit_kz/

Темірлан

Аноним, рахмет!

Айсұлтан

Бұл жасағандары шынымен де балалар үшін болса жақсы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз