Өлең, жыр, ақындар

Джозеф Кэмпбеллдің моноаңызы

Әдебиет пен кино тарихын зерттеушілер көптен бері барлық шығармалардан ортақ үрдіс, ортақ құрылым көргісі келеді. Джозеф Кэмпбелл барлық елдердің көптеген аңыздарын зерттей келе осы заңдылықтарды тапқан адам. Оның алып еңбегі құрметке, ал кітаптары — міндетті түрде оқуға тұрарлық.

Барлық оқиға кейіпкер әлемінің өзгеруімен басталады. Үйреншікті әлем бір кезде құлдырайды. Өзіңіздің сүйікті кітабыңыз немесе фильміңіз жайлы ойланып көріңізші — ол да осы үлгіге сай ма? Бірақ алдымен мына бір қарапайым дүниені түсіну қажет — бұл құрылымды астарлы түрде ұғыну қажет. Құрылым жайлы ойлағанда сөздері жайлы емес, ауыспалы мағынада ойлаңыз.

Автор жайлы

Джозеф Кэмпбелл 1904 жылы Нью-Йоркте туған. Ол жалпы тоғыз жұмыстың авторы(кітаптар мен эсселер). Алғашқыда ол үнді аңыздарын қызықтап, зерттей бастаған. Кэмпбэлл оларды уақытқа тәуелсіз рухани ақиқаттарға толы деп есептеген. Кейін ол барлық танымал аңыздарды оқып, түйсінуді және олардың барлығынан ортақ дүниені табуды мақсат тұтты. Ол сол ортақ қырды көре алды — мысалы, топан су, от ұрлау, қайта тірілген кейіпкер...

Оның ең танымал екі жұмысы — «Мың жүзді кейіпкер» және «Құдайдың бетперделері» төрт томдығы. Джордж Лукас («Жұлдыздар соғысы» авторы) осы жұмыстардан шабыт алғанын және фильмдерінің құрылымында Кэмпбелл концепцияларын қолданғанын айтқан.

Кэмпбеллдің айтуынша, кез келген жақсы оқиғаның құрылымы басқа да жақсы оқиғалардың құрылымымен ортақ сипатқа ие. Барлығы бұрында ойлап табылып қойған және осы құрылымнан біршама ауытқу көрермен мен оқырманды қызықтырмайды, тіпті ішін пыстырады. Сонымен, Кэмпбелл қай құрылым ғасырлар бойы қайталанып келе жатыр деп есептейді?

Қаһарманның қалыпты әлемі. Оқиға қаһарман үшін қарапайым әлемде басталады және аяқталады (алайда біз үшін ол түбегейлі ерекше болуы да мүмкін). Бірақ оның оқиғасы ерекше, жат әлемде өрбиді де оқиға бойы кілтті оқиғалар орын алады.

1 Кво мәртебесі

Оқиға осыдан басталады. Қаһарман үшін қалыпты әлем.

2 Шытырманға шақыру

Кейіпкер сырлы хабарлама, шақырту алады. Бұл бір адаммен немесе құбылыспен кездейсоқ емес кездесу арқылы болуы мүмкін, олар оның таңдаулы екенін көрсетеді.

3 Қолдау

Әлем өзгерді және кейіпкерге қолдау қажет. Қолдау көбіне одан ақылды және парасатты адамнан табылады.

4 Аттану

Кейіпкерде бәрін сол қалпында қалдыру мүмкіндігі болған, бірақ ол бар жігерін жинап, үйреншікті әлемін тастап, қауіп-қатерге және шытырманға толы жаңа жат әлемге аттанады. Қайтар жол жоқ.

5 Сынақтар

Қаһарман болу — оңай шаруа емес. Жұмбақтарды шешіп, қақпандардан қашып, құбыжықтардың басын алуға тура келеді. Қаһарманның бірі үшін жолдан өту — сынақ, екіншісі үшін — үңгірге кіріп, зұлыммен айқасу, үшіншісі үшін арманындағы қызбен кездесуге барып, масқара болмау да — сынақ.

6 Жақындау

Кейіпкердің ең үрейлі қорқынышымен кездесетін сәті келді. Бұл шынайы соқтығысу болуы міндетті емес, біз көрермен немесе оқырманға кейіпкеріміздің ең қатты қорқынышын көрсетуіміз керек. Біз бұл қорқынышты еленбейтіндей етіп көрсете аламыз, болмаса қаһарманға онымен күреске түсіп, қорқынышына тіке қарауды мәжбүрлей аламыз.

7 Күйзеліс

Бұл қаһарман өміріндегі ең қиын сәт, кульминация. Ол өте ауыр физикалық немесе моральдық соққы алуы мүмкін және өмірі қыл үстінде тұруы мүмкін (тіпті өліп кетуі де мүмкін). Жағдайы өте қиын және аман қалуға еш мүмкіндігі жоқ. Бірақ қаһарман қайта тіріледі.

8 Қазына

Қаһарман өміріндегі ең қиын кедергілерді өткен соң, ең үлкен қорқыныш және зұлыммен кездескен соң ол марапатқа ие болуы тиіс. Бұл кез келген нәрсе болуы мүмкін — атақ, құрмет немесе шынайы қазына.

9 Нәтиже

Ол әртүрлі болуы мүмкін. Құбыжықтар кейіпкерге толықтай бағынуы немесе өзінің зұлым әлемінің шекарасына дейін оны қууы мүмкін.

10 Оралу

Барлық шытырман оқиғалардан кейін біздің кейіпкер өзінің үйреншікті әлеміне қайтып оралады, немесе оны үйреншікті қалпына келтіреді. Алайда көп нәрсе өзгерген.

11 Жаңа өмір

Шытырман оқиғалар кейіпкер мен оның әлемін өзгертті. Ол өзінің ескі өмірінен есейіп кетті, жаңаны үйренді, ескіні жойды.

12 Қорытынды

Түйін шешілетін сәт туды. Барлық сюжеттік желілер түсіндіруді қажет етеді. Қосалқылары да.

13 Кво мәртебесі

Алайда бұл кво мәртебесінің деңгейі біріншісіне қарағанда жоғары. Сен қаһарман болғаныңда ештеңе бұрынғыдай емес. Адамдар саған басқаша қарайды, сен өзгердің, әлем де өзгерді.

Егер сіз Джоан Роулингтің поттерианасын оқысаңыз, «Жұлдыздар соғысын», «Аватар», және тағы басқа шығармаларды көрген болсаңыз, әрдайым қайталанып отыратын құрылымды оңай бақылай аласыз. Құрылымдары бірдей болғаны аздай, бұл шығармалар әрдайым бір тақырыптарды және адамзат өміріндегі бір мәселелерді қозғайды. Әрқайсымыз дарамыз, алайда әрқайсымызда ғасырлар бойы өзгермейтін және өзгеруі екіталай жалпыға ортақ адами құндылықтар бар.

Бұл құрылым неліктен жұмыс істеп келеді және одан сәл ауытқу көрермен немесе оқырманның ішін неге пыстырады? Кез келген оқиға — бірінші кезекте біз жайлы. Ойланып көріңізші, жалпы бұл құрылым дәл біздің өмірді сипаттайды ғой. Нақтырақ айтқанда, біз қалайтын өмірді (сондықтан бұл жүрекке жетеді, сондықтан бізді еліктіреді).

Қорқынышыңызды жеңіңіз, қарсыласу үшін үңгірге кіріңіз, қазынаға ие болыңыз, ал кейін... осының бәрін тағы қайталаңыз.

4brain.ru


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Наке

Өте керемет!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз