Өлең, жыр, ақындар

Қауіп-қатерді болжау: ертеңгі күнге қалай дайын болуға болады?

Кез келген адам өмірді болжап болмайтындығына келіседі, бірақ өкінішке орай барлығы бірдей өз болашағының қамын ойламайды. Ал өмір кейде бізді неше түрлі сынақтармен қарсы алуы мүмкін. Сондықтан үнемі қиын-қыстау кезеңдерге дайын болғанымыз абзал.

Жұмысынан айырылу немесе денсаулықтың аяқ астынан нашарлауы  адамның қаржылық жағдайына қатты әсер етуі мүмкін. Осындай жағдайларда тығырықтан шығудың бірден-бір жолы — қаржылық сауаттылық.

«Хоум Кредит Банк» қызметтерінің негізгі бағыттарының бірі тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру. Банктің осы бағытта жүргізген іс-шараларына қазірдің өзінде 365 мыңнан аса адам қатысты. Адамдардың қаржылық жағдайға, денсаулығына, өміріне, өзінің отбасына деген жауапкершілігі ақша жинақтау, «қауіпсіздік жастығын» жасау, өзінің өмірін, денсаулығын, мүлкін т.б. сақтандыру сияқты тетіктер арқылы көрініп жатады.

«Жұмыс жасайтын адам үшін қандай да бір жағдаймен жұмыс орнын жоғалтып және уақытша жұмыссыз немесе жұмыс жасауға қабілетсіз болып қалған жағдайларда өзі және отбасы қиналып қалмайды деген уайымнан арылуға «қауіпсіздік жастығы» көмек болады.«Қауіпсіздік жастығына» жиналған қаражат үш айдан алты айға дейін қалыпты өмір сүруді қамтамасыз етуі тиіс. Осы кезең ішінде адам өзінің денсаулық жағдайын дұрыстап, жаңа жұмыс тауып, керек десеңіз біліктілігін арттыра алуға мүмкіндігі болады», — дейді Ирина Шейкина, сертификатталған коуч, қаржылық сауаттылық және қаржылық жоспарлау жөніндегі маман.

Бүгінде сақтандыру —адам мен оның отбасы мүшелерін ықтимал қауіп-қатерлерден қорғаудың маңызды қаржылық құралдарының бірі.

Бізге сақтандырудың егжей-тегжейін түсінуге «Еуропалық Сақтандыру Компаниясының» Басқарма Төрағасы Дмитрий Надиров көмектесті:

— Дмитрий, бізге сақтандырудың маңызды тұстары туралы айтып берсеңіз?

— Өмірдегі кездейсоқ жағдайлар айтарлықтай қаржылық қиыншылықтарға алып келуі мүмкін. Мәселен, еңбек қабілетін жоғалту отбасын табыстан айырады. Алайда отбасының төлемдік міндеттері тоқтап қалмайды. Сақтандырудың негізгі мәні осындай жағдайлардардан адамдарды қорғауында жатыр. Мысалы 20 000 теңге ғана төлеп адам өзін 1 млн теңгеге сақтандыруы мүмкін.

Біздің елімізде адамдар неге сақтандыруға енжар қарайды? Себебі неде?

— Қоғамда әртүрлі пікір қалыптасқан, тек айтарым, сақтандыру отбасында қаржылық жоспарлаумен бірге дамиды. Яғни, адам отбасылық бюджетін жоспарлаған кезде қандай міндетті шығындар бар екендігін, қанша ақшаны үнемдеу, өзін күтпейтін шығындардан т.б. қалай қорғау керектігін елесте алуы керек.

Шетелде адамдар сақтандыру мәселесіне қалай қарайды? Қазақстанмен салыстыратын көрсеткіштер бар ма?

— Батыс Еуропа елдерімен салыстырғанда Қазақстан артта қалып келеді. Бұл жағдай қаржылық жоспарлау мен шығындар деңгейімен байланысты. Шығындарға қатысты айтар болсам, мәселен бұл елдерде медициналық қызметтер айтарлықтай қымбат. Орташа өмір сүретін азаматтар қатты ауырып қалған кезде медициналық шығындарды өз бетімен төлеуге қабілетсіз. Сондықтан да сақтандыру аталған мәселені шешудің жалғыз тәсілі болып табылады.

Клиенттің сақтандыру мерзімін ұзартпай қалып сақтандыру жағдайы қажет болып қалған жайттар қаншалықты жиі орын алып жатады?

— Біздің статистика бойынша, ай сайын шамамен 10 шақты осындай жағдай туады. Мысалы бізге өмірден өткен, алайда артында жабылмаған қарыздары қалған бұрынғы клиенттеріміздің туыстары жүгініп жатады. Бұл ретте клиенттің көзі тірісінде сақтандырудан бас тартқандығы анықталды. Мұндайжағдайда  біз көмектесе алмаймыз, өйткені клиенттің өз ынтасымен сақтандыру шарты тоқтатылған.

Кредит алған кезде сақтандыруды рәсімдеу сақтанушы үшін қаншалықты тиімді?

— Алдағы уақытта болуы мүмкін қауіп-қатерлерді болжау мүмкін емес, сондықтан да сақтандыру түрінде қорғаныс тетігі өзіңді сенімді сезінуге мүмкіндік береді. Қандай да бір жазатайым жағдайларға тап болып қалсаңыз сіздің шығындарыңыз бен қарыздарыңызды өтеуді сақтандыру компаниясы өз мойнына алады.

Әрине, жаманшылық туралы үнемі ойлай беру дұрыс емес, бірақ ертеңгі күнді де ойлап, соған қам жасаудың артықшылығы жоқ.  Өйткені бүгін ертеңгі күннің кірпішін қалайтындығын естен шығармау керек.

Мен осы жағдайды пайдаланып, барлық қазақстандандықтарды жаңа 2018 жылмен құттықтап, бақыт пен табыс, ертеңгі күнге деген сенімділік тілеймін!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Айнұр

Ойланарлық мәселе екен.

Жандос

Сақтандыру керек емес нәрсе ғой негізі

Ернұр

Ғасырлар бойы адамдар сақтандырусыз да өмір сүрген емес пе? Сақтандыру жоқ жерден ақша істеу.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз