Өлең, жыр, ақындар

«Мейрімділік жүректен» атты іс-шара

№28 «Ақбай» жалпы орта мектебінде «Шын жүректен» атты іс-шара аясында еңбек ұжымында және оқу орынында мүгедектіктің алдын алуға бағытталған «Денсаулық зор байлық» атты іс-шаралар ұйымдастырылды.

Әлеуметтік педагог Д.Адхамова және дене шынықтыру пәні мұғалімі С.Бегалиевтардың ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі мектеп оқушылары арасында «Спорт-денсаулық кепілі» тақырыбында спорттық сайыстар өткізілді.

Педагог ұйымдастырушы Г.Толбаева  «Сыңғырласын әрқашан балалықтың күлкісі»  атты балаларға арналған мерекелік іс-шара аясында «Қулық пен достық» атты қуыршақ театрына үйде оқытылатын оқушы қатысуды ұйымдастырды.

Мектепте мүмкіндігі  шектеулі жандар арасында «Сезім нұры» атты шығармашылық кеші ұйымдастырылды.

Әлеуметтік педагог Д.Адхамованың ұйымдастыруымен  мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы аясында жұмыс істейтін мектеп қызметкеріне және үйде оқыйтын оқушыларға  арнайы сыйлықтар берілді.

Оңтүстік Қазақстан обласы Сайрам ауданы
Ақбай елді мекені №28 «Ақбай» жалпы орта мектебі
әлеуметтік педагогі Адхамова Дильфуза Юлдашбековна


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз