Өлең, жыр, ақындар

Премьер-министр мұғалімдердің жалақысын өсіру жөнінде тапсырма берді

Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев құзіретті мемлекеттік органдарға мұғалімдердің жалақысын көтеруді тапсырды.

"2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен 1-ші, 2-ші, 5-ші және 7-ші сынып ұстаздарының лауазымдық жалақысын 30 процентке көбейту керек. Ал 1 қыркүйектен бастап аталған шаралар 3-ші, 6-ші және 8-ші сыныптар бойынша атқарылуы шарт", - деді Б.Сағынтаев.

Үкімет басшысының айтуынша, ағымдағы жылда ұлттық біліктілік тесті енгізіледі. Соның аясында мұғалімдердің категориялары анықталады. Жаңа жүйе бойынша өз категориясын растаған ұстаздардың жалақысы 30 проценттен 50 процентке дейін өседі. Аталған жұмысқа ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Еңбек және әлеуметтік даму министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен ҚР Қаржы министрлігі жауапты.

Айта кетейік, биылғы Жолдауда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұғалімдердің жалақысын көтеруді тапсырды. "Жаңартылған мазмұн дегеніміз - халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары. Бұлар біздің балаларымызға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады.

Сонымен қатар 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырамын. Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек. Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі. Бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу қажет", - делінген Жолдауда.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Куляйм

Тәрбиешілердің категориясына да қосыламекен

Айгуль сапарбаева

Неден бастарымды билмеймин.ойына келгендерин истеп жатыр.жанартылган билим окыгандардын гана енбек акысын осиремиз дейди.окымагандардкын ше.котегория стаж жылдагы билим котеру серификаттарын сонда не кшин алады.мен мысалга 1ши котегория алу ушин канша акшам кетти.республикалык сайыстарга шыгуга каражатым болмай букил алтынымды ломбардка койдым.айтеу алдым 1ши котегорияны.олип талып.жалгыз басты анамын уйимде жок.10жыл болды мугалим болганыма.уй кымбат.2 дипломым бар жогары педагогикалык.енди не окысам болады деп бас катты.айлыгымыз шайлык болды.

Айгуль

5,7 сыныптарға жаңартылған білім мазмұны бойынша білімін жетілдіріп сертификат алғандарға 30% үстеме қосылады дейді. Ал сол айлық курстан өтпеседе сол мұғалімдермен бірдей 5,7 сыныптарға сабақ беріп тер төгіп жүрген мұғалімдерге обал емес пе? Ал сол мұғалімдердің барлығын курсқа директор жібере бермейді. Тек қана таныс-тамыр арқылы жібереді. Мұғалімдерді жалтақ қылып қойған заман ай!

Айгүл

Кітапхананың айлығын неге көтермейді?

Лəззат

Айгүлдің пікіріне қосыламын. Жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өтпей сабақ беріп, тер төгіп жүрген мұғалімдерге ақша қосыла ма, қосылмай ма сол туралы анық айтылмаған........

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар