Өлең, жыр, ақындар

Балабақшаларды қаржыландырудың жаңа жүйесі енгізіледі

Аталған жүйеге сәйкес, барлық балабақшаларды бала санына қарай қаржыландырады.

Астана қалалық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дулат Жекебаевтың айтуынша, жаңа әдістеме ақпан айында күшіне енеді. «Оған сәйкес, балабақшаларды қаржыландыру ережесі өзгереді. Соның аясында біз барлық жекеменшік  балабақшаларға, мемлекеттік балабақшаларға бөлінетін қаржыны басқаша есептейміз», - деді Д.Жекебаев журналистерге берген сұxбатында.

Оның айтуынша, әдістеменің негізінде жасалған барлық есеп-қисап Астана қаласы әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңестің талқысына шығарылады. «Әдістеменің жаңалығын министрлік біледі. Мен де білемін. Бірақ заң бойынша сол әдістемені әзірлеген мекеме (ҚР Білім және ғылым министрлігі - авт.) ғана түсініктеме бере алады. Сосын жаңа әдістеме әлі күшіне енуі керек. Онсыз ештеңе айта алмаймын. Тиісті заң қабылданған. Оның атауы - жан басына қарай қаржыландыру әдістемесі. Соның ішінде балабақшалар да, мектептер де бар. Енді, аталған құжаттың күшіне енгенін күтіп жүрміз», - деп атап көрсетті Д.Жекебаев.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар