Өмір – күйме арбамен жүру сияқты. Барлығы жақсы бола тұра, жолдың тасты бөлігіне жеткендегі сілікіністен қорғана алмауыңыз мүмкін. Ал өмірде жолдағы тастардың рөлін түрлі жағдайлар атқарады.
«Банк Хоум Кредиттің» комплаенс қызметінің жетекшісі Денис Лутто and.kz ақпараттық порталына «Стоп тырма!» жобасына берген сұхбатында қосымша шығындар болған жағдайда несие төлемінің мерзімін өткізіп алмау үшін не істеу керектігін атап айтты.
Денис Лутто
«Банк Хоум Кредиттің» комплаенс қызметінің жетекшісі
Адами қасиеттерді жоғалтпаған банк болып қалу біз үшін өте маңызды. Сондықтан біздің клиенттеріміздің әр жағдайын жекелей қарастырамыз. Егер себептердің негізі маңызды болса «Хоум Кредит Банкі» қайта қаржыландыру, айыппұл мен төлемақы өсімін есептен шығару немесе төлемді кейінге қалдыруды қарастыра алады.
Қазақстанның бірқатар аймақтарын сел басқанда, әкімшілік қызметтері апатқа ұшыраған адамдарға Банк алдындағы қаржылық міндеттемелеріне қатысты қол ұшын созуды сұрады. Олар бізге өз өтініштерін жіберіп, қолайсыз жағдайды сипаттап, оны құжаттармен растағаннан кейін, біздің кредит комитетіміз барлық жиналған айыппұлдар мен төлемақы өсімін есептен шығарып, қарыздарды жабу мүмкіндігін қарастырды.
Банк көмек көрсете алуы үшін, мұндай жағдайларда ең бастысы — мүлікке келтірілген зиян мөлшерін растайтын құжаттарды жедел беру. Өкінішке орай, басқа біреудің қайғысын пайдаланып өзінің қаржылық міндеттемелерімен байланысты мәселелерін шешуге тырысатын клиенттер де кездеседі. Сондықтан қарыз алушының келтірген дәйектерінің рас-өтірігін тексеріп анықтаймыз.
Сонымен қатар, мұндай мәселелер тек табиғи апат жағдайларында ғана қарастырылып қоймайды. Егер адамның мәселесі шын мәнінде салмақты болса, біздің кредит комитетіміз жағдайын түсініп, оңтайлы шешім қабылдауға дайын.
Сондай-ақ, жоспарларымызды қайта қарастыратын қуанышты жағдайлар да бар. Мысалы, баланың тууы сияқты жауапты қадам. Жас ата-аналарда шығындырын жоспарлап алу үшін тоғыз айы бар. Егер Банк клиенттері баланың туылуына қатысты қарызды өтеу шарттарын өзгерткілері келіп (қайта қаржыландыру), қаржы институтына алдын-ала хабарласа, әрине, біз олардың өтініштерін қарап шығамыз, бірақ бұл көп жағдайда клиентке ең қажеттісі емес. Адамдар бір оқиғаның салдарынан, мысалы, өрттің себебінен үйінен, жол апаты себебінен отбасы асыраушысынан айырылып немесе қарақшылықтың құрбаны болуы мүмкін. Енді бұл жағдайда «Қайырға отырып қалмау үшін» шын мәнінде алдағы қаржылық шығындарды реттеу қажет.
Кредит алмай тұрып жақсылап ойланыңыз: қарызға алынатын ақша сізге қаншалықты қажет? Олар кейіннен қиын мәселе тудырмайды ма?
Банктен қарыз ақша алғанда немесе одан алдын өзіңіздің қаржы жағдайыңызды жобалап есептеуіңіз керек. Тек кепілдігі бар шынайы табысты негізге алу қажет. Өкінішке орай, бұл барлығында бар емес. Біреу жалдамалы менеджер болып, маусымдық жұмыс істеуі мүмкін, ал біреу бонустық төлемдерге тәуелді немесе бастапқы кезеңдерде өзін-өзі дереу ақтамайтын кәсіпкерлікпен айналыса бастаған болуы мүмкін. Кепілдендірілген табыс болмаған жағдайда кредит жүгін көтере алып немесе алмайтындығыңызды жақсылап ойланыңыз.
Әрдайым қолыңызда банкке ай сайын төлейтін мөлшердегі бөлек қаржыңыз болсын. Өмірде түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Мысалы адам жұмысынан айырылып қалып және банк алдында міндеттемелері болса, шағын жинақталған қаржының да үлкен пайдасы бар.
— Кеңес алу үшін банкке хабарласыңыз.
— Төлемдердің құрылымын қайта қарау үшін (немесе төлемақы өсімін, айыппұлды есептен шығару үшін) өтініш беріңіз.
— Уақытша төлем жасай алмайтын уәжді себебіңізді көрсетіңіз (ауырып қалу, жұмыссыз қалу, табиғи апат, баланың туылуы және т.б.).
— Қарызды алғашқы мүмкіндік туа сала өтейтіндігіңізді банк қызметкеріне жеткізіңіз.
— Сіздің қаржылық жағдайыңыздағы өзгерістерді растайтын барлық құжаттарды тапсырыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Айнұр
Өткенде кредитке қымбат телефон алып едім ойланбай, керек емес болып шықты, шынымен жақсылар ойлану керек екен))
Бота
өткенде айфон алғанмын енді міне өзінен өзі қуып істемей қалды. айфонды енді байқау керек.
Айнур
алянс банкте де осындай жеңілдіктер бар ма