ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша сабақ беретін мұғалімдердің жалақысына үстемеақының қашан қосылатынын айтып берді.
«Жаңартылған мазмұн бойынша сабақ беретін мұғалімдердің жүктемесі артқандықтан, лауазымдық жалақысын да арттыру қарастырылған. Қаулы 7 ақпан күні шықты, қазір өңірлер шұғыл тәртіпте есеп жүргізеді және менің пайымдауымша, ақпан айының жалақысы берілерде қаңтар және ақпан айларының үстеме ақысы бірге түседі», - деп жауап берді ол ҚР БҒМ алқасының кеңейтілген отырысы аясында журналистердің сұрағына.
Сонымен бірге, вице-министр жалақыға қосылған үстеме ақының аздығы туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсованың сынына жауап берді.
«Кабинетті меңгеру, сыныпқа жетекшілік етуге қосылатын төлемдер 5 мың теңгеден аспайды, бұл тұрғыда Қарағұсованың алаңдаушылығын түсінемін. Бірақ, қазір Мемлекет басшының тапсырмасымен қарастырылған лауазымдық жалақыны көбейтуде анағұрлым көбірек ақша қосылады. Мәселен, орта есеппен мұғалімдер 80 мың теңге алса, 30% үстеме ақы дәл осы 80 мың теңге негізінде, яғни шамамен 24 мың теңге қосылады», - деді Б. Асылова.
Вице-министрдің айтуынша, 1 қаңтардан бастап, республика аумағындағы 90 мыңға жуық мұғалімнің жалақысы көбейеді. 1 қыркүйектен бастап - 200 мың мұғалім ұлттық біліктілік тестін тапсыру арқылы өз еңбекақыларын көбейте алады. Аттестацияның жаңа ережелері әзірленіп жатыр.
ҚазАқпарат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Болсынай Таубаева
Мектептегі кіші қызметкерлердің айлығы жөнінді қарастырылса екен.Бір ай азаннан кешке дейін алатын жалақымыз 30 мың теңге.Күн көріске жетпейді Ең болмаса 50 .60 мың болса.Бір топ жұмысшылар қауымы
Гулмира
Мектетегі кіші қызметкерлердің айлығы өте төмен. Депутаттар неге осы мəселені неге көтермейді. Мұғалімдердің айлығын біршама көтердіғо енді солармен бірге қызмет жасап жүрген қызметкерлердің ақшасын көтерсін. Мысалы хатшының айлығы 28 мың. Таңереңңен кешке дейін 7 сағат жұмыс жасайды. Ол ақша мына заманда жетпейді ештеңеге.